User Guide - Windows 8

HP Recovery бөлімін жою
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискіден орын босату үшін HP Recovery
бөлімін жоюға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімінің жойылуы Windows жүйесін қайта жаңарту,
барлығын жою жəне Windows жүйесін қайта орнату немесе кішірейтілген бейнеден қалпына
келтіру үшін HP Recovery Manager опциясын қайтып пайдалана алмайтыныңызды білдіреді.
Қалпына келтіру опцияларыңыз болуын қамтамасыз ету үшін, Recovery бөлімін жояр алдында
HP Recovery құралын жасаңыз;
HP Recovery құралын жасау 69-бетте бөлімін қараңыз.
HP Recovery бөлімін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында recovery деп жазып, одан кейін HP Recovery Manager опциясын
таңдаңыз.
2. Жалғастыру үшін Қалпына келтіру бөлімін жою пəрменін таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру 75