Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel жəне Centrino – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШ-тағы сауда белгісі. Microsoft жəне Windows – Microsoft Corporation корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарғы жағы .......................
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану ...................................................... 24 Бір саусақты сырғыту ...................................................................... 24 Түрту ................................................................................................ 25 Жылжу ............................................................................................. 25 Шымшу/масштабтау .......................................................................
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану .............................................................................. 40 Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу .............................................................. 41 Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу ................ 41 Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану ..................................... 42 Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау ............................................... 42 Батарея қуатын пайдалану ..........
Дискілер ........................................................................................................................................................ 55 Дискілер ұстау ................................................................................................................................... 55 Қатты дискілерді пайдалану ............................................................................................................ 55 Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану ...............
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу ......................................................... 78 Автоматты DriveLock қорғау мүмкіндігін жою ................................................ 79 Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану ..................................................................... 79 Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану ............................................................. 80 Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату ....................................
MultiBoot желісін пайдалану ............................................................................................................. 96 Жүктеу құрылғыларының реті туралы ............................................................................ 96 MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау .................................................................... 97 Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату ............................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows 8 Негіздері нұсқаулығын оқыңыз. КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows түймешігін басыңыз. Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек Windows 8 Basics (Windows 8 Негіздері) нұсқаулығы Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Гарантия и сервисы (Кепілдік жəне қызметтер) пəрмендерін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік 4 Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (4) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі. (2) Микрофон дыбысын өшіру шамы Сары: Микрофон өшірулі. (3) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы. (4) Сымсыз байланыс шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік (2) Сипаттама Үндеткіштер (2) SRS Premium Sound немесе SRS Premium Sound PRO (тек таңдаулы үлгілерде) стандартты дыбыс шығарады. ЕСКЕРІМ: SRS Premium Sound бағдарламасын қолдану үшін бастау экранынан SRS деп теріп, одан кейін SRS Premium Sound тармағын таңдаңыз. (3) Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Пернелер ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows түймешігі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows түймешігі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) 10 Сипаттама Қатты диск шамы Медиа картаны оқу құрылғысы Бап 2 Компьютермен танысу ● Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша өшіріп қояды. Ақпаратты Secure Digital (SD) сияқты сандық жад карталарынан оқиды жəне мəліметтерді карталарға жазады.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Aудио шығыс (құлақаспап) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) Aйнымалы ток адаптері/Батарея шамы ● Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған. ● Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 89%-ға дейін зарядталған. ● Сары болып жыпылықтап тұрса: Жалғыз қуат көзі болып табылатын батарея төмен заряд деңгейіне жетті, Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды.
Дисплей ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (тек таңдаулы үлгілерде) Дыбыс жазады.
Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (тек таңдаулы үлгілерде) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы модельдерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда.
Астыңғы жағы Бөлік (1) (2) Сипаттама Батареяны жəне қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмалары Батарея орны ● Батарея босату ысырмаларын бір рет жылжыту арқылы ұясынан шығарылады. ● Батарея ұясынан шығарылғаннан кейін, қызмет көрсетуге арналған есік босату ысырмаларын екінші рет жылжыту арқылы ашылады. Батареяны ұстап тұрады.
Бөлік (3) Сипаттама Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN жəне жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген. ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары жанып тұрады. Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Сымсыз радио сигналдары желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN желісін қорғау үшін, келесі сақтық шараларын қолданыңыз: ● Желіаралық қалқанды пайдаланыңыз. Желіаралық қалқан желіге жіберілген деректерді де, деректер сұраныстарын да тексереді жəне кез келген күмəнді элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар бағдарламалық құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады.
GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері орналасу, жылдамдық жəне бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған жүйелерге жібереді. Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. Компьютермен бірге жеткізілген Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта немесе сенсорлы экран (тек таңдаулы үлгілерде) меңзер əрекеттерін саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды дисплей немесе сенсорлы тақтада жəне олардың екеуінде пайдалана аласыз. Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін, сенсорлы тақта аймағын бір саусағыңызбен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Шымшу/масштабтау Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● 26 Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз.
ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін. Екі саусақпен басу (тек таңдаулы үлгілерде) 2 саусақпен басу экрандағы нысан үшін мəзір таңдауларын жасауға мүмкіндік береді. ● Сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып, таңдалған нысанның опциялар мəзірін ашу үшін басыңыз. Жүргізіп өту (тек таңдаулы үлгілерде) Жүргізіп өту экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді.
Жиектерді сипау (тек таңдаулы үлгілерде) Жиектерді сипау қимылы параметрлерді өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты тапсырмаларды орындауға компьютердегі құралдар тақталарына қатынауға мүмкіндік береді. Оң жақ жиекті сипау Оң жақ жиекті сипау қимылы шебер түймелерге қатынауға мүмкіндік береді. Бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларға қатынау немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады. ● Қол жетімді бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен сырғытыңыз. Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. Жақында ашылған қолданбалар арасында қозғалу үшін саусағыңызбен сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен сипап өтіңіз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows түймешігі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Пернелер тіркесімі Сипаттама fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: fn+f4 Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді.
(1) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (2) Енгізілген сандық пернетақта Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
(1) Бөлік Сипаттама num lk пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын жəне сандар функциясын атқарады. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. (2) Кірістірілген сандық пернетақта num lk пернесі қосылғанда, оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады.
5 Мультимедиа Бұл компьютердің құрамында келесі құрылғылар болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіш(тер) ● Кірістірілген микрофон(дар) ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану Компьютер моделіне байланысты, медиа файлын ойнату, тоқтата тұру, алға айналдыру немесе кері айналдыруға мүмкіндік беретін төмендегідей медиа белсенділігін басқару элементтері жұмыс істеуі мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам пернел
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулығына қол жеткізу үшін Бастау экранында HP Support Assistant бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін 1. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз. 2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын таңдаңыз. Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады. ▲ VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз. HDMI (тек таңдаулы үлгілерде) HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты видео немесе дыбыстық құрылғыларға немесе кез-келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құрылғыларға жалғайды.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін: 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын видео құрылғысына жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін,fn+f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз. 1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен түртіп, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пəрменін таңдаңыз. 2. Playback (Ойнату) қойыншасында Speakers (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Əдепкі күйді орнату пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа сақталады. ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді. ● Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Таңдаулы компьютер үлгілерінде ғана графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында қолданылады. Қосымша ақпаратты Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер) 49-бетте бөлімінен қараңыз. Батарея туралы қосымша ақпарат табу HP Support Assistant құралдармен қамтамасыз етеді жəне батарея туралы ақпарат береді.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Пайдаланушымен ауыстырылатын батареямен жабдықталған компьютер қолданыста болмағанда немесе зарядталмағанда батареяны компьютерден шығарып алыңыз. ● Пайдаланушымен ауыстырылатын батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
Батареяны салу жəне шығарып алу Батареяны салу Батареяны салу үшін 1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареядағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге туралап, батареяны ұясына салып, оны (2) ұясына нық отырғанша басыңыз. 3. Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады.
3. Батареяны жоғарыға сырғытып (2), компьютерден шығарып алыңыз. Батарея қуатын үнемдеу ● Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Настройки (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. ● Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз. ● Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері бөлімінен қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулығына қол жеткізу үшін Бастау экранында HP Support Assistant бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРІМ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
AMD графикалық режимдер параметрлерін басқару үшін 1. Windows жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, Catalyst басқару орталығын ашыңыз жəне Настроить переключаемые графические режимы (Ауыспалы графикалық режимдердің параметрлерін реттеу) пəрменін таңдаңыз. 2. Питание (Қуат) тармағын басып, Переключаемые графические режимы (Ауыспалы графикалық режимдер) пəрменін таңдаңыз.
7 Сыртқы карталар жəне құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. USB құрылғысын пайдалану Əмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі болып табылады. Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2.
8 Дискілер Дискілер ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына сақтық шараларын орындаңыз: ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютер астына бекіту үшін, қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдаланыңыз. Пайдаланылмаған кезде қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясында сақтауға болады. Қауіпсіздік бұрандасын пайдалану үшін 1. Батареяны алыңыз.
2. Қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясынан (1) алып, қызмет көрсетуге арналған есікті орнына бекіту үшін, бұранданы қақпаққа (2) енгізіңіз. ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу Жад модулі ұясы, қатты диск пен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз. 1. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 45-бетте бөлімін қараңыз). 2.
3. Қызмет көрсетуге арналған есік орнына түскенше (4) оны батарея орнына қарай жылжытыңыз жəне таңдасаңыз, қызмет көрсетуге арналған есікті орнына бекіту үшін, қосымша бұранданы (5) салып, қатайтыңыз. Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану туралы толық ақпаратты Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 56-бетте бөлімінен қараңыз. ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдалану қажет болмаса, оны батарея орнының ішінде сақтай аласыз. 4. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 45-бетте қараңыз).
60 5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 58-бетте бөлімін қараңыз). 6. Қатты дискінің 4 бұрандасын қатты дисктен шығарып алыңыз. 7. Қатты дискіні ажырату үшін, қатты дискінің тілін (1) компьютердің бүйіріне қарай тартыңыз. 8. Қатты дискіні қатты диск ұясынан жоғары қарай көтеріңіз (2).
Қатты дискіні орнату ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Қатты дискіні орнату үшін: 1. Батареядағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге туралау арқылы қатты дискті ұясына бұрышта енгізіп, оны (2) ұясына салыңыз. 2. Қатты диск орнына түскенше оның тілін (3) компьютердің ортасына қарай тартыңыз.
3. Қатты дискіні бекіту үшін оның 4 бұрандасын бұрап қатайтыңыз. 4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 58-бетте бөлімін қараңыз). 5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 45-бетте қараңыз). 6. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 7. Компьютерді қосыңыз.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу: 1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз. 2. Бастау экранында диск сөзін теріп, Параметры (Параметрлер) жəне Дефрагментация и оптимизация дисков (Дисктерді дефрагментациялау жəне оңтайландыру) пəрмендерін таңдаңыз. 3. Оптимизация (Оңтайландыру) түймешігін басыңыз. ЕСКЕРІМ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды.
позицияға орнатылғанын анықтау үшін, Windows жұмыс үстеліндегі тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы таңбаны басыңыз. ● Бағдарламалық құрал қосылған жағдайда, қатты диск белгішесінің үстінен баттасып жасыл құсбелгі шығады. ● Бағдарламалық құрал өшірілген болса, қатты диск белгішесінің үстіне қызыл түсті Х белгісі қойылады. ● Дискілер қауіпсіз орналастырылғанда, қатты диск белгішесінің үстіне сары ай белгісі қойылады.
Бағдарламалық құралды ашып, параметрлерін өзгерту үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Windows жұмыс үстеліндегі хабарландыру аймағының оң жағында орналасқан белгішені екі рет басыңыз. – немесе – Хабарландыру аймағындағы белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз. 2. Параметрлерді өзгерту үшін, тиісті түймешікті басыңыз. 3. OK түймешігін басыңыз.
Оптикалық дискіні салу Науалық салғыш 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск салғышты шығарып алу үшін, диск салғыш беткі тақтасындағы шығарып алу түймешігін (1) басыңыз. 3. Диск салғышты (2) ашыңыз. 4. Дискінің тегіс беттерін ұстамау үшін, оның жиектерінен ұстап, диск белгісі жоғары қарайтындай диск салғыш білігіне орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: Диск салғыш толығымен қолданыста болмаса, дискіні біліктің үстіне абайлап орналастырыңыз. 5.
2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 3. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз. Диск салғыш қалыпты түрде ашылмаған жағдайда 1. Диск жетегінің бет панеліндегі ашу тесігіне қағаз қыстырғыштың (1) ұшын кіргізіңіз. 2. Диск салғыш (2) шыққанша қағаз қыстырғышты абайлап итеріп, диск салғышты толық тартып шығарыңыз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. 68 Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
Оптикалық жинақтағыш дискілерді ортақ пайдалану Компьютерде ішкі оптикалық диск жетегі болмаса да, бағдарламалық құралды оңай пайдалануға, қолданбаларды орнатуға, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық диск жетегін ортақ пайдаланып, деректерді алуға болады. Диск жетектерін ортақ пайдалану — бір компьютерге жалғанған диск жетегін сол желідегі басқа компьютерден пайдалануға мүмкіндік беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі. ЕСКЕРІМ: Оптикалық диск жетегін ортақ пайдалану үшін желі қажет.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен бірге қолданылады) *Computer Setup дегеніміз алдын ала орнатылған, ROM жадына негізделген утилита,ол амалдық жүйе жұмыс істемей тұрғанда немесе жүктелмегенде де қолданылады. Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдауды жасау үшін, (сенсорлы тақта, меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет Əкімші құпия сөзі* Windows əкімші есептік жазбасына кіруді қорғайды. ЕСКЕРІМ: Windows əкімші құпиясөзін тағайындау BIOS əкімші құпиясөзін тағайындамайды. Пайдаланушы құпия сөзі* Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. *Windows əкімші құпия сөзі немесе Бастау экранында Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бөлімін қараңыз.
5. Сұралғанда, растау үшін жаңа құпия сөзді қайта теріңіз. 6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. BIOS əкімші құпия сөзін өзгерту 1.
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. BIOS əкімші құпия сөзін енгізу BIOS əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін тағайындау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы MultiBay құралына емес). DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзін енгізудің 2 сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, əрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
DriveLock қорғау мүмкіндігін жою Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
4. BIOS əкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз. 5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иə) пəрменін таңдаңыз. 7. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель ұясының орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз. 2.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 58-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 45-бетте қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10.
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Келесі тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз: Спирт, ацетон, аммоний хлорид, матилен хлорид жəне гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар. Олар компьютер бетін түбегейлі зақымдайды. Компьютерді сызаттауы мүмкін қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар. Уақыт өткенде, кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру утилиталары көмегімен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз. ● Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. ● Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Кейбір автоматты түрде жөндеу опциялары қатты дискіні мүлдем жойып, қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 4. Экранда «Press for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары шыққанда f11 пернесін басыңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану барысында рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. Қалпына келтіру функциясын іске қосу үшін: 1. Шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзерді жылжытыңыз. 2. Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз. 3.
3. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Изменение параметров компьютера (Компьютер параметрлерін өзгерту) белгішесін басыңыз жəне компьютер параметрлерінің экранында Общие (Жалпы) қойыншасын таңдаңыз. 4. Удаление всех данных и переустановка Windows (Барлық деректерді жою жəне Windows жүйесін қайта орнату) параметрін көрсету үшін оң жақтағы параметрлер тізімінің төменгі бөлігіне жылжыңыз. 5.
12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне System Diagnostics Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS нұсқаларын қамтитынын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, əсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік əкімшімен байланысыңыз. BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранында п əрпін жазып, Проводник (Жетектеуші) пəрменін таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады: ● Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы орнату үшін.
MultiBoot Express кеңестерін орнату Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын MultiBoot бастау мəзірін көрсететіндей етіп орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
System Diagnostics пайдалану System Diagnostics (Жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. System Diagnostics (Жүйе диагностикасы) құралында мына диагностикалық сынақтар қолжетімді: ● System Tune-Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) — бұл қосымша сынақтар тобы компьютердегі негізгі бөліктердің дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын тексереді.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайына өтіңіз. Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін пайдалану үшін http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html мекенжайына өтіңіз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне сандық карталар сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
ə Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты HP Support Assistant қызметінен табыңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Компьютердің экраны бос Егер экран бос, бірақ компьютер əлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе бірнеше себеп болуы мүмкін: ● Компьютер ұйқылық күйде болуы мүмкін. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. Ұйқылық күй дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискіні (3) шығарыңыз. Дискіні шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискіні шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. Диск науасын жауып, дискіні қабына салыңыз. Компьютер ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін анықтамайды Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін. 1.
● Дискінің жыртылмағандығын тексеріңіз. Егер жыртылғандығы байқалса, дискіні электрондық бұйымдар дүкендерінде сатылатын оптикалық диск жөндеу жинағымен қалпына келтіріңіз. ● Дискіні ойнатудан бұрын ұйқылық күйді ажыратыңыз. Дискіні ойнатқан кезде ұйқылық күйді қоспаңыз. Əйтпесе, жалғастыру керектігін сұрайтын ескерту хабары көрсетіледі. Егер осы хабарлама экранға шықса, Нет (Жоқ) түймешігін басыңыз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 78 шығарып алу 79 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 37, 39 айнымалы ток адаптері, тексеру 49 айнымалы ток адаптерін тексеру 49 ақаулықтарды жою дискіге жазу 109 дискіні ойнату 108 оптикалық диск салғыш 107 оптикалық дискіні анықтау 108 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 109 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 101 Өнім кілті 101 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 11 аудио функциялары, тексеру 35 аудио функцияларын тексеру 35 ау
жауапсыз жүйе 40 желдеткіштер, анықтау 12, 16 желіаралық қалқан бағдарламалық құралы 80 желі ұясы, анықтау 12 желі шамдары, анықтау 12 жұмыс ортасы 102 жұмысты аяқтау 40 жылдам пернелер, медиа 34 И Интернет байланысын орнатқыш 19 К кабельдер USB 53 компьютер, сапарға шығу 46, 103 компьютерге күтім көрсету 84 компьютерді өшіру 40 компьютерді сапарға алып шығу 46, 101, 103 компьютерді тазалау 84 компьютердің параметрлерін қалпына келтіру 91 концентраторлар 52 корпоративтік WLAN қосылымы 20 көрсетілетін кескін
пайдалану 30 сипаттама 30 Ұйқылық күй 31 үндеткіш дыбысын жоғарылату 31 үндеткіш дыбысын төмендету 31 экран жарықтығын азайту 31 экран жарықтығын арттыру 31 экран кескінін ауыстырып қосу 31 пернетақта анықтау 31 енгізілген сандық 8 кірістірілген сандық 9 пернетақта, сыртқы num lock 33 пайдалану 33 пернетақтадағы пернелер тіркесімдері, анықтау 30 пернетақталар, анықтау 32 порттар HDMI 12, 37 Intel сымсыз дисплейі 39 USB 11 VGA 37 сыртқы монитор 12, 37 Р реттеу HDMI үшін дыбыс 38 С Сақтық көшірмесін жасау жəн
Ы ысырмалар, батареяға жəне қызмет көрсетуге арналған есікті босату 15 І ішкі дисплей қосқышы 13, 14 ішкі микрофондар, анықтау 13, 14 Э экран жарықтығы пернелері 31 экран кескіні, ауыстырып қосу 31 электростатикалық разряд 110 A Aйнымалы ток адаптері/батарея шамы 12 B BIOS жаңарту 94 жаңартуды жүктеп алу 95 нұсқаны анықтау 95 Bluetooth жапсырмасы 101 Bluetooth құрылғысы 17, 21 C caps lock шамы, анықтау 5 Computer Setup BIOS əкімші құпия сөзі 72 Drivelock құпия сөзі 74 жылжу жəне таңдау 93 зауыттық параметрл