HP ноутбугі Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мəліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі .....
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне сөндіру ..................... 23 Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу ............................................................................... 24 Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану .............................................. 24 Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану ..................................... 24 Сенсорлы тақтаны қолдану ................................................................................
Төмен батарея деңгейлерін басқару .............................................................................. 40 Төмен батарея деңгейлерін анықтау ............................................................. 40 Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу ....................................................... 41 Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ...... 41 Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу ............................................................................
USB құрылғысын ажырату ............................................................................................... 58 9 Жад модульдері .......................................................................................................................................... 59 10 Қауіпсіздік ................................................................................................................................................... 62 Компьютерді қорғау ..............................................
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау ..................................................................................... 78 Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату ............................................ 78 Жүктеу құрылғысын f9 пернесін басып нұсқауларға сəйкес динамикалық түрде таңдау ............................................................................................................................... 79 MultiBoot Express кеңестерін орнату ...................................
x
1 Қош келдіңіз Компьютер орнатылғаннан жəне тіркелгеннен кейін мына əрекеттерді жүзеге асырыңыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі байланысын орнату 16-бетте бөлімінен қараңыз. ● Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз. Қосымша ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 22-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату ● Компьютер бөліктерін анықтау Linux анықтамасы ● Компьютердегі бағдарламалық құралдар Linux анықтамасы бөліміне кіру үшін, Компьютер (Компьютер) > Справка (Анықтама) пəрмендерін таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті ашу үшін Жұмыс үстеліндегі Документы HP (НР құжаттары) белгішесін екі рет нұқыңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік 4 Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Функциялар сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды.
Шамдар ЕСКЕРІМ: Компьютердің осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер тоқтата тұру режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе ұйқы күйінде. (2) Микрофон дыбысын өшіру шамы Сары: Микрофон өшірулі. (3) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: Компьютердің осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, тоқтата тұру күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту режимінде болғанда, күту режимінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік (3) Сипаттама Беспроводная сеть (Сымсыз байланыс) түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. ЕСКЕРІМ: Сымсыз қосылысты, оның параметрлері бұрын реттелген болса, орнатуға болады. (4) Дыбысты өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпиясөз арқылы кірудің орнына, жүйеге саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) fn пернесі Функция пернесімен бірге басылған кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (2) Амалдық жүйе логотипті перне Амалдық жүйе мəзірін көрсетеді. (3) Функционалдық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (4) Кірістірілген сан пернелері панелінің пернелері Пернетақта іске қосылған кезде оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады.
Бөлік Сипаттама (1) fn пернесі Функция пернесімен бірге басылған кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (2) Амалдық жүйе логотипті перне Амалдық жүйе мəзірін көрсетеді. (3) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (4) num lk пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне өшіреді. Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу жəне сандық функциялар арасында ауысады.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) 10 Сипаттама Қатты диск шамы Медиа картаны оқу құрылғысы Бап 2 Компьютермен танысу ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск немесе оптикалық диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (гарнитура) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) Айнымалы ток адаптері/Батарея шамы ● Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 89%-ға дейін зарядталған. ● Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90 - 99%-ға дейін зарядталған. ● Сары түсте жыпылықтап тұрғанда: жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяның заряды төменгі деңгейге жетті. Батарея заряды өте төмен деңгейге жеткен кезде батарея шамы жиіжиі жыпылықтай бастайды.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданыста. (4) Веб-камера Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді. (5) Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, тоқтата тұру күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді.
Астыңғы жағы Бөлік (1) (2) 14 Бап 2 Компьютермен танысу Сипаттама Батареяға жəне қызмет көрсетуге арналған қақпақты босату ысырмалары ● Батареяны босату ысырмаларын бір рет сырғыту арқылы орнынан шығарады. ● Батарея орнынан алынғанда, қызмет көрсетуге арналған қақпақты босату ысырмаларын екінші рет сырғыту арқылы ашады. Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады.
Бөлік (3) Сипаттама қызмет көрсетуге арналған қақпақ Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN жəне жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттікпен компьютерде қолдануға рұқсат етілген сымсыз модульдермен алмастырыңыз.
3 Желі байланысын орнату Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз — Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз. Бар WLAN желісіне қосылу 18-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 19-бетте атты бөлімнен қараңыз. ● Сымды — Интернетке сымды желіге қосылу арқылы шығуға болады. Сымды желіге қосылу туралы ақпарат алу үшін Сымды желіге қосылу 20-бетте бөлімін қараңыз.
Сымсыз құрылғыларды қосу жəне өшіру Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Сымсыз байланыс пернесін сымсыз желілік контроллердің жəне Bluetooth контроллерінің екеуін бір уақытта өшіру мен қосу үшін пайдаланыңыз. Оларды Басқару орталығы немесе Компьютерді орнату арқылы жеке-жеке басқаруға болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс пернесінің орналасқан орны туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс түймешігінің жəне сымсыз байланыс шамының орналасқан орындары туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. 2. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін басыңыз. Бар сымсыз желілер Беспроводные сети (Сымсыз желілер) тізімінде көрсетіледі. 3. Қажет сымсыз желіні таңдаңыз.
Жаңа WLAN желісін орнату Қажетті жабдықтар: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2) ● Сымсыз компьютер (3) Төменде берілген суретте Интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген. ЕСКЕРІМ: Кейбір кабельді модемдердің ішіне жол жоспарлағышы кірістіріледі. Жол жоспарлағышын бөлек сатып алу қажеті туралы Интернет қызметі провайдерінен сұраңыз.
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы WPA2 таңдауды ұсынады, себебі бұл — үш шифрлау протоколының ең дамығаны. WEP шифрлауын пайдалану ұсынылмайды, себебі оны оңай шешуге болады. ● ● WPA жəне WPA2 протоколдары желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. WPA протоколы да, WPA2 протоколы да динамикалық түрде əр бума үшін жаңа кілт жасайды, сондай-ақ желідегі əр компьютер үшін əртүрлі кілт жинақтарын жасайды.
Желілік кабельді жалғау үшін 1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз. 2. Желілік кабелдің екінші ұшын қабырғалық желі ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа (суретте көрсетілмеген) жалғаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Пернетақтаны пайдалану Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау Жылдам перне fn пернесі (1) мен функционалдық пернелер біреуінің (2) тіркесімі болып табылады. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. жылдам пернелер тіркесімі fn+f3 Сипаттама Күту күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Пернетақталарды пайдалану Компьютерде енгізілген сандық пернетақта (немесе кірістірілген сандық пернетақта) бар. Бұған қоса, компьютер қосымша сыртқы сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы сандық пернетақтаны қолдайды. Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану (1) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді.
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады. ● Сандық пернетақта өшірулі кезде оның пернесінің сандық функциясын пайдалану үшін, пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің түймешіктері сияқты пайдаланылады. ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Таңдау Сенсорлы тақтасының сол жəне оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің тиісті түймешіктері ретінде пайдаланыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдардың əрқайсысы туралы ақпарат көру үшін 1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз. 2.
ЕСКЕРІМ: Таңдалған элемент туралы ақпараты бар анықтамалық экранды ашу үшін экранды басып ұстап тұрыңыз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжу үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады.
Шымшу/Масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. Бұру Бұру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ▲ Нысанға меңзерді апарыңыз жəне сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз.
5 Мультимедиа Бұл компьютердің ішінде келесі құрылғылар бар: ● Кірістірілген үндеткіштер ● Кірістірілген микрофондар ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану Компьютер аудио мүмкіндіктерінің көбін пайдалануға мүмкіндік береді: ● Музыка ойнату. ● Дыбыс жазу. ● Интернеттен музыканы жүктеу. ● Мультимедиалық көрмелерді жасау.
Аудио функцияларын тексеру Компьютердегі жүйе дыбысын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз. 3. Звуковые эффекты (Дыбыс əсерлері) қойыншасын ашыңыз, одан кейін дыбыс түрлерінің əрқайсысын тексеру үшін Выбрать звук уведомления (Ескерту дыбысын таңдау) терезесінен дыбыс түрлерінің біреуін таңдаңыз.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады. ▲ VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз. Компьютерге жалғанған дисплейлер арасында кескінді ауыстырып көрсету үшін fn+f4 пернелерін басыңыз. ЕСКЕРІМ: fn+f4 пернелерін басу арқылы параметрлер арасында ауысуға мүмкіндік беріледі.
Егер сыртқы монитор fn+f4 пернелері басылғаннан кейін анықталмаған болса жəне AMD графикалық картасы орнатылған болса, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютер >Приложения (Қосымша бағдарламалар) > Система (Жүйе) > ATI Catalyst Control Center (в качестве привилегированного пользователя) (ATI Catalyst Control Center (ерекше пайдаланушы ретінде)) тармақтарын таңдаңыз. 2. Түбірлік құпия сөзді теріңіз. 3. Оң жақ аймақта Display Manager (Экран реттегіші) пəрменін таңдаңыз. 4.
Дыбысты HDMI көмегімен реттеу HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін құрылғы параметрлерін келесі жолмен реттеңіз: 1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Speakers (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
6 Қуатты басқару Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Күту режимін қосу жəне одан шығу Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша күту режимі батареяда немесе сыртқы қуат көзінде болған құрылғының біраз уақыт ішінде əрекетсіз тұрғанда басталады. Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталығындағы) Управление питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады. Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып күту режимін қосуға болады: ● Қуат түймешігін жылдам басыңыз. ● Дисплейді жабыңыз.
Қуат белгішесін қолдану Питание (Қуат) белгішесі хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан. Питание (Қуат) белгішесі қуат параметрлерін жылдам ашуға, батарея зарядының қалған деңгейін көруге жəне басқа қуат жоспарын таңдауға мүмкіндік береді. ● Қалған батарея зарядының пайыздық мөлшерін көрсету үшін Питание (Қуат) белгішесін нұқып, Информация (Ақпарат) параметрін таңдаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін батареяны, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш батареяны немесе HP компаниясынан сатып алынған батареяны ғана пайдаланыңыз. Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, дисплей жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да факторларға байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əртүрлі болады.
Батареяны салу жəне шығарып алу Батареяны салу үшін 1. Батареядағы (1) ілгектерді батарея ұясының сыртқы бетіндегі кетіктерге туралаңыз да, батареяны (2) бұру арқылы оны батарея ұясына салып орналастырыңыз. 2. Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады. Батареяны шығарып алу үшін ЕСКЕРТУ: Жалғыз қуат көзі болатын батареяны алып тастау ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін.
Батареяны зарядтау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. Батарея компьютер сыртқы ток көзіне айнымалы ток адаптері немесе қосымша қуат адаптері арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады. Компьютер өшірілген болса да не қолданыста болса да батарея зарядталады, бірақ компьютер өшірілген кезде ол тез зарядталады.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін 1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Система (Жүйе) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Управление питанием (Қуатты басқару) тармағын таңдаңыз. 3. От батареи (Батарея қуатымен) қойыншасында: ● Перейти в режим сна, если компьютер бездействует (Компьютер пайдаланылмаған кезде ұйқы режимін қосу) параметрінің сырғытпасын оң жаққа жылжытып, 30 минутқа орнатыңыз.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ▲ Компьютерді төмендегі құрылғылардың біреуі арқылы сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз: ● Айнымалы ток адаптері ● Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы ● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу 1. Компьютерді өшіріңіз немесе күту күйін қосыңыз. 2. Зарядсыз батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз. 3.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2.
7 Дискілер Дискілер ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына сақтық шараларын орындаңыз: ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, күту режимін қосып, экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Қауіпсіздік бұрандасын пайдалану үшін: 1. Батареяны алып тастаңыз. ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтап, компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріп тастаңыз. 2. Қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясынан (1) алып, қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына бекіту үшін, бұранданы (2) салыңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты алу немесе қайта қою ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына салу үшін: 1. Қызмет көрсетуге арналған қақпақтағы ілгектерін компьютердегі (1) кетіктерге туралайтындай етіп төмен еңкейтіңіз. 2. Қызмет көрсетуге арналған қақпақтың артқы жиегіндегі туралау ілгектерін (2) компьютердегі кетіктерге енгізіңіз. ЕСКЕРІМ: Босату ысырмалары қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына (3) автоматты түрде бекітеді. 3.
Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні шығарып алу үшін 48 1. Жұмысыңызды сақтаңыз. 2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз. 3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 5. Компьютерді төңкеріп, оның алдыңғы жағы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 6. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 38-бетте бөлімін қараңыз.) 7.
10. Қатты дискіні қатты диск ұясынан жоғары қарай көтеріңіз (2).
Қатты дискіні орнату Қатты дискіні орнату үшін 50 1. Батареядағы (1) ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралай отырып, қатты дискіні ұясына бұрышта енгізіп, оны (2) ұясына салып орналастырыңыз. 2. Қатты диск орнына түскенше оның тілін (3) компьютердің ортасына қарай тартыңыз.
3. Қатты дискті бекіту үшін оның 4 бұрандасын бұрап қатайтыңыз. 4. Қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған қақпақты алу немесе қайта қою 46-бетте бөлімін қараңыз). 5. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 38-бетте бөлімін қараңыз.) 6. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта жалғаңыз. 7. Компьютерді қосыңыз.
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Орнатылған оптикалық жинақтағыш дискіні анықтау ▲ Компьютер (Компьютер) > Приложения (Қосымша қолданбалар) тармақтарын таңдаңыз, одан кейін сол жақ аймақтағы Audio & Video (Аудио жəне бейне) пəрменін таңдаңыз. Мультимедиалық бағдарламалар мен құралдардың тізімі көрсетіледі. ЕСКЕРІМ: Енгізілген оптикалық дискіге Nautilus бағдарламасын немесе жұмыс үстеліндегі белгішені пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Оптикалық дискіні салу Диск науасы 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск салғышты ашу үшін, диск салғыш беткі тақтасында орналасқан шығарып алу түймешігін (1) басыңыз. 3. Диск салғышты (2) ашыңыз. 4. Дискінің тегіс беттерін ұстамау үшін, оның жиектерінен ұстап, диск белгісі жоғары қарайтындай диск салғыш білігіне орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: Диск салғыш толығымен қолданыста болмаса, дискіні біліктің үстіне абайлап орналастырыңыз. 5. Диск (3) орнына түскенше оны диск салғыштың білігінде төмен жайлап басыңыз.
2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 3. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз. Диск салғыш қалыпты түрде ашылмаған жағдайда 54 1. Диск жетегінің бет панеліндегі ашу тесігіне қағаз қыстырғыштың (1) ұшын кіргізіңіз. 2. Диск салғыш (2) шыққанша қағаз қыстырғышты абайлап итеріп, диск салғышты толық тартып шығарыңыз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютерде қай сандық карта пішімдері қолданылатынын анықтау үшін Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Сандық картаны шығарып алу үшін 1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз. 2. Файлдар шолғышының сол жақ аумағында көрсетілетін Месторасположения (Орналасу орындары) мүмкіндіктер тізіміндегі сандық карта атының қасында бар Извлечь (Шығару) белгішесін нұқыңыз. ЕСКЕРІМ: Құрылғыны шығарып алу қауіпсіз екендігі ескертіледі. 3. Картаны (1) басып, оны ұясынан шығарып алыңыз (2). ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдамау үшін, USB құрылғысын күштеп жалғамаңыз. ЕСКЕРІМ: мүмкін. ▲ Компьютердің көрінісі USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы USB құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының USB кабелін USB портына қосыңыз. ЕСКЕРІМ: USB жад құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
9 Жад модульдері Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап, (2), модульді ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 7. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз жəне жад модулін қисайтпаңыз. 60 а. Жад модулінің ойықтары бар шетін жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз (1). ə.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. 8. Қатты дискінің қақпағын орнына салыңыз. (Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 47-бетте бөлімін қараңыз.) 9. Батареяның өзін жəне қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына салыңыз. (Батареяны салу жəне шығарып алу 38-бетте бөлімін қараңыз.) 10. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта жалғаңыз. 11.
10 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, бірақ олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды. Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер қолданылатын əдіске байланысты болады. Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз: ● Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз. ● Құпия сөздерді жазып алып, оларды компьютерден алыс қауіпсіз жерге сақтаңыз. ● Құпиясөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз. Əдетте қолданылатын құпия сөздер тізімі келесі кестелерде беріледі жəне олардың функциялары сипатталады.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup утилитасын компьютерді қосу немесе қайта бастау арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз. 2.
DriveLock қорғау мүмкіндігін ішкі қатты дискіге қолдану үшін, Computer Setup бағдарламасында пайдаланушы құпия сөзін жəне басты құпия сөзді орнату керек. DriveLock қорғау мүмкіндігін пайдалану кезінде келесі ақпаратты ескеріңіз: ● DriveLock қорғау мүмкіндігі ішкі қатты дискіге қолданылғаннан кейін, қатты дискіге кіру үшін пайдаланушы құпия сөзін жəне басты құпия сөзді енгізу қажет. ● Пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған қатты дискінің күн сайынғы пайдаланушысы болғаны жөн.
енгізген кезде, бұл кездейсоқ пайдаланушы мен DriveLock басты құпия сөзі дискінің бұғаттауын алу үшін пайдаланылатын болады. ЕСКЕРІМ: Автоматты DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS əкімші құпия сөзі сізде болуы тиіс. Автоматты DriveLock құпия сөзін басқару Computer Setup утилитасында автоматты DriveLock құпия сөзі мүмкіндігін қосу немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1.
ЕСКЕРІМ: Желіаралық қалқан параметрлерін өзгерту кезінде, түбірлік құпия сөзді енгізу сұралады. Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі қауіпсіздік кабелінің ұясы мен осы бөлімдегі суретте көрсетілген кабель ұясы əртүрлі болуы мүмкін.
3. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Устройство считывания отпечатков пальцев (Саусақ ізін оқу құрылғысы) тармағын таңдаңыз. 4. Использовать устройство считывания отпечатков пальцев (Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану) құсбелгісін қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Саусағыңыздың ізін тіркеу үшін, пайдаланушыларды басқару утилитасын ашу қажет.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын жалғастыру қажет. Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Recovery (Қалпына келтіру) құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге мүмкіндік береді.
5. Мына нұсқау берілгенде, көрсеткі пернелері арқылы Yes (Иə) параметрін таңдаңыз: Do you want to start the System-Restore? (Жүйені қалпына келтіруді бастауды қалайсыз ба?) 6. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Сонымен қатар, компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін, компьютерді қайта бастаңыз, одан кейін f11 пернесін басыңыз.
3. Путь сохранения восстановленного файла (Қалпына келтірілетін файды сақтау жолы) мəзірін нұқып, файлдарды қалпына келтіріп, сақтау орнын таңдаңыз. 4. Таңдалған орыннан файлдардың бəрін қалпына келтіру үшін Восстановить все файлы (Файлдардың бəрін қалпына келтіру) параметрін таңдаңыз. Таңдалған файлдарды қалпына келтіру үшін Восстановить выбранные файлы (Таңдалған файлдарды қалпына келтіру), одан кейін Выбранные файлы (Таңдалған файлдар) пəрмендерін таңдап, қалпына келтірілетін файлдарды нұқыңыз. 5.
12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS нұсқаларын қамтитын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
3. Тізімдегі үлгілерден арнайы өнімді таңдаңыз. 4. Қажет амалдық жүйені таңдаңыз. 5. BIOS бөліміне өтіңіз де, BIOS бағдарламалық құрал бумасын жүктеп алыңыз. 6. Жүктелетін BIOS бағдарламалық құрал бумасымен қамтамасыз етілген орнату нұсқауларын орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады.
13 MultiBoot Жүктеу құрылғыларының реті туралы Компьютер басталғанда, амалдық жүйе жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
Computer Setup утилитасында жүктеу құрылғыларын қосу Егер USB құрылғысы немесе NIC картасы Computer Setup утилитасында қосылған болса, компьютер бұл құрылғыдан жүктелетін болады. Computer Setup утилитасын бастап, USB немесе NIC құрылғысын жүктеу құрылғысы ретінде қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Жүктеу ретін өзгерту Жүктеу ретін өзгертпес бұрын мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз: ● Жүктеу реті өзгертілгеннен кейін компьютер қайта басталған кезде, жаңа жүктеу реті пайдаланылады. ● Жүктеу құрылғыларының бірнеше түрі қолданылса, компьютер жүктеу құрылғыларының əр түрінің бірінші құрылғысынан (оптикалық құрылғылардан басқа) жүктеледі. Мысалы, егер компьютер қатты дискісі бар қосымша қондыру құрылғысына жалғанған болса, бұл қатты диск жүктеу реті тізімінде USB қатты дискісі атымен көрсетілетін болады.
3. Legacy Boot Order (Жалпы жүктеу реті) тізімін таңдау үшін, меңзегіш құрылғыны немесе көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 4. Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде жоғарыға жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе жоғары көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе + пернесін басыңыз. – немесе – Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе - пернесін басыңыз. 5.
енгізіңіз. («0» мəні таңдалған жағдайда, Express Boot басталуының орналасу мəзірі көрсетілмейді.) 5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
а Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды. Компьютер қосылмайды Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін: ● Егер компьютер электр розеткасына қосылған болса, электр қуаты көзінің жұмысын тексеру үшін бұл розеткаға басқа электр құрылғысын жалғаңыз.
Компьютер қосылған, бірақ жауап бермей отыр Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пəрмендеріне жауап бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған төмендегі əрекеттерді орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Төтенше өшіру іс-əрекеті салдарынан сақталмаған ақпарат жоғалады. ● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемей отыр Егер сымсыз желі қосылысы дұрыс жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз. ● Сымсыз немесе сымды желілік құрылғыны қосу немесе ажырату үшін, тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Құрылғыларды қосу үшін мəзір мүмкіндіктерінен құсбелгі қойыңыз. Құрылғыны ажырату үшін құсбелгі алып тастаңыз. ● Сымсыз құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
Компьютер ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін анықтамайды Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін. 1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз. 2. Компьютер, одан кейін Системный монитор (Желі мониторы) пəрмендерін таңдаңыз. 3. Аппаратное обеспечение (Аппараттық құралдар) қойыншасында Тип (Түрі) бағанасынан сыртқы жад контроллерін анықтаңыз. 4.
Дискіге жазу үрдісі басталмайды немесе аяқталғанға дейін тоқталады ● Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз. ● Күту режимінен немесе ұйқы күйінен шығыңыз. ● Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз. ● Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз. ● Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмір жапсырмасы — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (ө/н) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Қолдау қызметіне хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмір жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
ə Компьютерді тазалау Тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау кезінде сұйықтықтың пернелер астына түспейтініне көз жеткізіңіз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін. ● Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
б Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
в Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының босатылуы; мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 32 Айнымалы ток адаптері/батарея шамы 12 ақаулықтарды жою дискіге жазу 85 дискіні ойнату 84 оптикалық диск салғыш 83 оптикалық дискіні анықтау 84 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 84 амалдық жүйе 34 амалдық жүйе, орнатылған құпия сөздер 63 амалдық жүйе логотипті перне, анықтау 8, 9 амалдық жүйенің қолданбалары пернесі, анықтау 8 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 11 аудио мүмкіндіктері 29 аудио функциялары, тексеру 30 аудио функцияларын тексеру 30 аудио шығ
жылдам пернелер пайдалану 22 сипаттама 22 И Интернет қосылысын орнату 19 К кабельдер LAN 20 USB 58 кедергіні азайту желілік кабель 20 компьютерді өшіру 34 компьютерді сапарға алып шығу 41, 86 компьютерді тазалау 87 концентраторлар 57 корпоративтік WLAN қосылысы 18 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 22 Күту қосу 35 шығу 35 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 13 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 9, 24 Қ қалпына келтіру 69 қатты диск орнату 50 шығарып алу 48 қатты диск, анықтау 15 қатты диск шамы
Сенсорлы тақта аймағы анықтау 4 Сенсорлы тақта қимылдары бұру 28 жылжу 27 масштабтау 28 түрту 26 шымшу 28 сенсорлы тақтаның бұру қимылы 28 сенсорлы тақтаның жылжу қимылы 27 сенсорлы тақтаның масштабтау қимылы 28 сенсорлы тақтаның түрту қимылы 26 сенсорлы тақтаның шымшу қимылы 28 сериялық нөмір, компьютер 86 сымсыз байланыс белгішесі 16 сымсыз байланыс түймешігі анықтау 7 пайдалану 17 сымсыз байланыс шамы 5, 17 сымсыз байланыс шифрлауы; 19 сымсыз желі (WLAN) 20 корпоративтік WLAN қосылысы 18 қажет жабдық 19
F fn пернесі, анықтау 8, 9, 22 H HDMI, дыбысты реттеу 33 HDMI порты, анықтау 12 HDMI порты, жалғау 32 M MultiBoot Express 76, 79 N Network Service Boot (Желілік қызметтен бастау) 77 NIC жүктеу құрылғысы 76, 77 num lk пернесі, анықтау 8, 9, 23, 24 num lock, сыртқы пернетақта 24 num lock пернесінің шамы 5 P PXE сервері 77 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 12 RJ-45 (желі) шамы, анықтау 12 U USB 3.