Pairing via Bluetooth
Bluetooth арқылы жұптасу
Бұл нұсқаулық Bluetooth құрылғыларын Windows® немесе Mac амалдық жүйесі орнатылған
компьютермен жұптасу (қосу) туралы ақпаратты камтиды.
Windows XP
Windows XP амалдық жүйесінде Bluetooth мүмкіндігіне қолдау көрсететін ішкі бағдарламалық құрал
жоқ; оның орнына, әрбір Bluetooth өндірушісі жеке бағдарламалық құралын ұсынады және әрбір
өндірушінің бағдарламалық құралы сәл өзгешелеу болады.
Bluetooth құрылғыларын компьютермен жұптастыру жолын анықтау үшін, Bluetooth адаптерімен бірге
жеткізілетін құжаттарды қараңыз.
Әдетте, Bluetooth адаптерінің өндірушісі ұсынатын бағдарламалық құрал арқылы мына көрініске
ұқсас белгіше жұмыс үстеліне немесе жүйе тақтасына орнатылады
:
Bluetooth құрылғыңызды қосу үшін, Bluetooth бағдарламалық құралын бастаңыз және Добавление
устройства Bluetooth (Bluetooth құрылғысын қосу) пәрменін табыңыз, одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 және Windows Vista®
Windows 7 немесе Windows Vista жүйесін пайдаланып жатсаңыз, Bluetooth құрылғыларын қосу үшін
мына әрекеттер орындаңыз:
1. Компьютеріңізде Bluetooth мүмкіндігінің қосулы тұрғанын тексеріңіз.
2. Пуск (Бастау) түймешігін > Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
3. Windows 7: Оборудование и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс) аймағында Добавить
устройство (Құрылғы қосу) параметрін таңдаңыз.
– немесе –
Windows Vista: Оборудование и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс) аймағындағы
Устройства Bluetooth (Bluetooth құрылғылары) астынан Добавить беспроводное устройство
(Сымсыз құрылғыны қосу) параметрін таңдаңыз.
4. Bluetooth құрылғысын қосыңыз және құрылғының төменгі жағында орналасқан Подключение
(Қосу) түймесін басыңыз.
Аз ғана уақыт ішінде, табылған Bluetooth құрылғыларының тізімінде Bluetooth құрылғысы
көрсетіледі.
5. Қажет құрылғыны таңдаңыз және жұптасу процесін бастау үшін Продолжить (Жалғастыру)
түймешігін басыңыз.
Windows XP 1