HP 1405-16/16G Desktop Switches Safety and Regulatory Information

11
Маңызды нормативтік ақпарат
АБАЙЛАҢЫЗ: Ескертулер жеке қауіпсіздікке байланысты орындалу
қажет нұсқауларды қамтиды. Барлық нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Ауыстырып қосу құрылғысын орнату, ажырату немесе оған күтім
көрсету алдында мына қауіпсіздік ақпаратын оқып шығуыңыз тиіс.
АБАЙЛАҢЫЗ: Өніммен бірге жеткізілетін жəне елде/аймақта пайдалануға
бекітілген айнымалы ток/тұрақты ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Бұл ақпаратты Жылдам орнату нұсқаулығынан қараңыз
.
АБАЙЛАҢЫЗ: Айнымалы ток розеткасы өнімнің қасында жəне қолыңыз
оңай жететін орында орналасуы тиіс. Ток адаптерін немесе ауыстырып
қосу құрылғысын қуат көзінен ажырату арқылы ғана ауыстырып қосу
құрылғысының электр қуатын өшіруге болады.
АБАЙЛАҢЫЗ: Ауыстырып қосу құрылғысын жылжытпас бұрын электр
қуатын өшіріңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ: RJ-45 порттарыжергілікті желілерге арналған деректер
желілері үшін қосқыштар жəне оларды стандартты жалпы телефон
ұялары ретінде пайдалануға немесе стандартты АТС-ке не жалпы
пайдаланылатын желілерге жалғауға болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ: Тек бөлме ішінде ғана пайдалану үшін.
Бұл өнімді жəне байланысты барлық жергілікті желінің қосылымдарын
қамтитын бір-біріне қосылатын жабдықтардың барлығын бір
ғимараттың ішінде орнату қажет.
АБАЙЛАҢЫЗ: Егер аймағыңыз бірнеше электр қуатын тарату жүйесінен
жұмыс істейтін жергілікті желінің аясында болса, олардың қорғау
жермесі қауіпсіз қосылғанына көз жеткізіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ: Кейде жергілікті желінің кабельдері (электр желідегі
ауытқулар сияқты) қауіпті өтпелі кернеулерге ұшырауы мүмкін. Желінің
ашық металды бөліктерін ұстамаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл өнімде пайдаланушы қызмет көрсететін бөліктер жоқ.
!
!
!
!
!
!
!
!
!