HP 1405 Switch Series Installation and Getting Started Guide (May 2013)

2-1
2
НР 1405 коммутаторларын орнату
Бұл тарау HP 1405 коммутаторлары үшін орнату ақпаратын береді.
Осы тараудағы суреттер 1405-8 коммутаторын көрсетеді, бірақ іс рəсімдері
басқа үлгілер үшін де бірдей болады.
Берілетін бөліктер
HP 1405 коммутаторымен бірге берілетін элементтер:
Айнымалы ток немесе тұрақты ток қабырғаға қосылатын қуат адаптері
немесе желідегі қуат адаптері жəне қуат сымдары.
Коммутаторға арналған адаптерлердің тізімі үшін коммутатормен бірге
берілетін Жылдам орнату нұсқаулығын немесе осы нұсқаулықтағы
«Техникалық сипаттамалар» тарауының А қосымшасын қараңыз.
Қабырғаға/үстелге орнатылатын керек-жарақтар жинағы:
1405-5, 1405-5G, 1405-8 жəне 1405-8G коммутаторлары:
Төрт резеңке аяқ
Екі қабырғаға орнатылатын өзі тесетін бұрандалар
Екі қабырғаға орнатылатын болттар
1405-16 коммутаторы жəне 1405-5G коммутаторы:
Төрт резеңке аяқ
Құжаттар жинағы