Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo – өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер ............................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ......................................
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану ................................................................................................. 25 Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ..................................................................... 27 Дыбысты пайдалану ......................................................................................................................... 27 Үндеткіштерді қосу ........................................................................................
Пернелерді пайдалану .................................................................................................... 44 Əрекет пернелерін пайдалану ........................................................................ 44 Microsoft Windows 8 пернелер тіркесімдерін пайдалану .............................. 45 Төте пернелерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ................................ 46 Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану ..............................................................
Компьютерге техникалық қызмет көрсету ............................................................................................. 61 Компьютер жұмысын жақсарту ........................................................................................................ 61 Дискілер ұстау .................................................................................................................. 61 Қатты дискіні ауыстыру ....................................................................................
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру ........................................ 79 Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау .......................................................... 79 НР қалпына келтіру дискілерін жасау ............................................................................ 80 Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру ...............................................................................
x
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Орнатудан кейінгі озық əдістер, компьютермен істеуге болатын қызық нəрселер жəне HP ресурстарының көпшілігін алатын жер туралы мəліметтер алу үшін осы тарауды оқыңыз. Ең жақсы тəжірибе Қаржы салымыңызды қорғау үшін, компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, келесі əрекеттерді орындау ұсынылады: ● Əлі қосылмаған болса, сымды немесе сымсыз желіге қосылыңыз.
қолдану 33-бетте жəне Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану 33-бетте бөлімдерінен қараңыз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі мəліметтер, əдістер, т.б. туралы ақпарат алу үшін осы кестені көріңіз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға жəне мүмкіндіктеріне жалпы шолу. Windows 8 Негіздері нұсқаулығы ● Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Ресурстар Мазмұны Шектеулі кепілдік* ● Осы компьютерге қатысты арнайы кепілдік мəліметтері. Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында support (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, одан кейін Гарантия и сервисы (Кепілдік жəне қызметтер) пəрменін таңдаңыз немесе http://www.hp.com/go/orderdocuments мекенжайына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Аппараттық құралды табу Компьютерде орнатылған аппараттық құралдардың тізімін көру үшін: 1. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) параметрін таңдаңыз жəне Жүйе аймағында Диспетчер устройств (Құрылғылар барқарушысы) пəрменін басыңыз. Компьютерде орнатылған барлық құрылғылардың тізімі көрсетіледі.
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама Аудио-шығыс (құлаққап) ұясы/Aудио-кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Бөлік (4) (5) Сипаттама Айнымалы ток адаптерінің шамы Қуат қосқышы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: компьютер тұрақты ток арқылы жұмыс істеуде. Айнымалы ток адаптеріне қосылады. Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
Бөлік (4) Сипаттама USB 3.0 зарядтау порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды. Компьютер өшірулі кезде ұялы телефондар мен MP3 ойнатқыштарының таңдаулы үлгілерін де USB 3.0 зарядтау порты арқылы зарядтауға болады. ЕСКЕРІМ: USB зарядтау порты (сонымен қатар, USB ток беру порты деп аталады) жалғанған USB құрылғысын зарядтауға мүмкіндік береді. Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток қолданылады.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Ішкі дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) HP TrueVision ажыратымдылығы жоғары веб-камерасы Бейнені жазады жəне фотосуреттерді түсіреді.
Бөлік (5) Сипаттама WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз.
Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта жиектен жүргізу қимылдарын да қолдайды. Қосымша ақпаратты Жиектерді сипау 37-бетте бөлімінен қараңыз. (2) Сенсорлы тақта тақтасының сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақта тақтасының оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. ЕСКЕРІМ: Таңдаулы үлгілерде, Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі зауытта қосылады.
Бөлік Сипаттама (4) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысының шамы ● Ақ: cаусақ таңбасына рұқсат беру сəтті орындалды. ● Сары: cаусақ таңбасына рұқсат беру орындалмады.
Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, планшетті қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпарат жойылады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі b пернесі, бос орын немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. (4) Əрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN) жəне жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Бөлік Сипаттама (5) HP Triple Bass Reflex сабвуфері Жоғары сапалы бас дыбысын шығарады. (6) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. Жапсырмалар оңай қол жеткізуге болатын жерлерде орналасқан. ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: ЕСКЕРІМ: Жапсырманың көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде бір сымсыз құрылғы қосулы.
WLAN құрылғысын қолдану WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден жəне қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады. ЕСКЕРІМ: Сымсыз жол жоспарлағышы жəне сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде қолданылады.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранына с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік (3) Сипаттама HP TrueVision ажыратымдылығы жоғары веб-камерасы Бейнені жазады жəне фотосуреттерді түсіреді. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның (таңдаулы үлгілерде ғана) оң жақ жиегінен жылжытыңыз да, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын басыңыз. Алдыменc əрпін теріп, одан кейін тізімнен CyberLink YouCam қолданбасын таңдаңыз. – немесе – Бастау экранында c əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз.
Бөлік Сипаттама (8) USB 3.0 зарядтау порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды. Компьютер өшірулі кезде ұялы телефондар мен MP3 ойнатқыштарының таңдаулы үлгілерін де USB 3.0 зарядтау порты арқылы зарядтауға болады. ЕСКЕРІМ: USB зарядтау порты (сонымен қатар, USB ток беру порты деп аталады) жалғанған USB құрылғысын зарядтауға мүмкіндік береді. Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток қолданылады.
Үндеткіштерді қосу Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына немесе аудио шығыс (құлақаспап) ұясына жалғау арқылы қосуға болады. Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін, HDMI аудио параметрлерін реттеу 32-бетте бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Beats Audio (таңдаулы үлгілерде ғана) қолданбасын қосу жəне өшіру Beats Audio қосу немесе өшіру үшін: Режим Қадамдар 1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның оң жақ жиегінен (таңдаулы үлгілерде ғана) жылжытыңыз да, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын басыңыз. 2. Экрандық пернетақтада fn мен b пернесі пернелерін басыңыз. 1.
Режим Қадамдар 1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның оң жақ жиегінен (таңдаулы үлгілерде ғана) жылжытыңыз да, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын басыңыз. 2. з əрпін теріңіз жəне Звукозапись (Дыбыс жазу құрылғысы) пəрменін таңдаңыз. 3. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз. 4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз. 1.
HDMI құрылғысын жалғау ЕСКЕРІМ: болады. HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз. 3.
HDMI аудио параметрлерін реттеу HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады: 1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіңіз, одан кейін Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
5 Сенсорлы тақтаның қимылдары, меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (таңдаулы үлгілерде ғана) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз.
Қимылды ажырату немесе қосу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 1. Synaptics ClickPad (Synaptics сенсорлы тақтасы) экранында, ажыратқыңыз немесе қосқыңыз келген қимылға құсбелгі қойыңыз немесе оны алып тастаңыз. 2. Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін экрандағы элементті меңзеп, сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
Шымшу/масштабтау Шымшу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге не үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Нысанға меңзеңіз жəне сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Жиектерді сипау Жиектерді сипау қимылдары параметрлер өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты əрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Саусақты оң жақ жиектен жылжыту Саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылы шебер түймелерге қатынасуға мүмкіндік береді, бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларды ашу немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен жылжытыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады. ● Қол жетімді бағдарламаларды көрсету үшін, саусақты үстіңгі жиектен жылжытыңыз. Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту жуықта ашылған қолданбалар арасында жылдам ауысуға жəне оларды ашуға мүмкіндік береді. ● 38 Бағдарламалар арасында жылдам ауыстыру үшін саусақты сенсорлы тақтаның сол жиегінен жайлап жылжытыңыз.
Сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Сенсорлы экраны бар компьютер экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды экранда немесе сенсорлы тақтада орындауға болады. Сонымен қатар, сенсорлы экрандағы əрекеттерді пернетақта мен тінтуір көмегімен жүзеге асыруға болады.
Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет əрекет. ● Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз. Қысу/созу Қысу жəне созу қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. 40 ● Үлкейту үшін, екі саусақты дисплейде бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз. Оң сұқ саусақты шеңбер бойынша сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту қимыл ашық бағдарламаларды көрсетеді, осылайша оларға тез ауыса аласыз. ● Бағдарламалар арасында ауысу үшін саусағыңызды дисплей жақтауының сол жақ жиегінен ішіне қарай ақырын сырғытыңыз. Ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз.
2. Қолжетімді бағдарламаларды көру үшін, Все приложения (Барлық бағдарламалар) пəрменін таңдаңыз. Қалаулы сенсорлы экран қимылдарын реттеу (тек таңдаулы үлгілерде) Режим Қадамдар 1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның оң жақ жиегінен (таңдаулы үлгілерде ғана) жылжытыңыз да, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын басыңыз. 2.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді.
Белгіше Перне Сипаттама f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі. Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды.
Пернеле р тіркесімі Перне Сипаттама + o Автобұруды қосады немесе өшіреді (тек таңдаулы үлгілерде). + tab Ашық болған бағдарламалар арасында ауысады. ЕСКЕРІМ: Өзіңізге қажетті қолданба көрсетілгенше осы пернелердің тіркесімін басып тұрыңыз. alt + f4 Ашық болған бағдарламаны жабады. Windows 8 пернелер тіркесімдері туралы қосымша ақпарат алу үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығына өтіңіз.
Бөлік num lock пернесі Сипаттама Кірістірілген сан пернетақтасының жұмысын басқарады. Сыртқы пернетақтаның стандартты сан функциясы (бұл мүмкіндік зауытта қосылған) мен жылжу функциясын (пернелердегі бағыттау көрсеткілерімен белгіленген) ауыстырып қосу үшін осы пернені басыңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. Кірістірілген сандық пернетақта Зауытта сыртқы сандық пернетақта ретінде қызмет ету үшін орнатылған.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде қуат жоспарлары қолданылады.
ЕСКЕРІМ: RST мүмкіндігін Setup Utility (BIOS) ішінде өшіруге болады. Күту күйін қосқыңыз келсе, қуат параметрлерінде пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйі параметрін таңдауыңыз тиіс. Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу немесе күйден шығу 49-бетте бөлімін қараңыз. Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқы күйін қосуға болады: ● Дисплейді жабыңыз. ● Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту) күйін таңдаңыз. 5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз. Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі. ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
түрде батарея қуатына ауысады жəне батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін дисплей жарықтығы төмендейді. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап таусылады. Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
Батарея қуатын үнемдеу Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі кеңестерді пайдаланыңыз: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз. ● Компьютер қолданыста болмағанда немесе зарядталмағанда компьютерден пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны шығарып алыңыз. ● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Пайдаланушымен ауыстырылатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне қосыңыз. 2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз. Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. ● Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде. ● Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде. ● Ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы үлгілерде). ● Ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) бағдарламасы іске қосылғанда. ● Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде. Компьютер сыртқы айнымалы ток қуат көзіне жалғанған кезде: ● Батарея зарядтала бастайды.
HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде) HP CoolSense компьютердің тұрақты бір орында тұрмағанын автоматты түрде анықтап, бет температурасын қажетті қолайлылық деңгейінде ұстап тұру үшін жұмыс пен желдеткіш параметрлерін реттей бастайды. HP CoolSense функциясы өшірулі кезде, компьютердің тұрақты орында тұрмағаны анықталмайды, жұмыс пен желдеткіш параметрлері зауыттық күйде сақталады. Нəтижеде, HP CoolSense арқылы реттелетін деңгеймен салыстырғанда компьютердің бет температурасы жоғары болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық немесе күту күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның (таңдаулы үлгілерде ғана) оң жақ жиегінен жылжытыңыз да, Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз жəне Питание (Қуат) белгішесін басып, Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін таңдаңыз.
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу Диск жетектері – ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін сандық сақтау құрылғылары. Компьютердің ішінде компьютердің бағдарламалық құралдары, амалдық жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін қатты диск немесе қатты күйдегі диск бар.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін Windows жұмыс үстелінде хабарлама көрсетіледі жəне хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан белгіше пайда болады.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін, құрылғыны өшіріп, содан кейін оны компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз. Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу Сандық жад картасын салу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, сандық картаны күштеп енгізбеңіз. 1.
ЕСКЕРІМ: 60 Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау құралы жəне Дискіні тазалау құралы арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен дискілерді жаңарту туралы ақпарат, компьютерді тазалау нұсқаулары жəне компьютермен сапар шегу бойынша кеңестер қамтылған.
Қатты дискіні ауыстыру ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Дискіні құлатуға, оның үстіне зат қоюға, сұйықтық тигізуге немесе шектік мəндердегі температураларға не ылғалдық жағдайларына төндіруге болмайды. Дискіні пайдалану бойынша арнайы сақтық шараларын Дискілер ұстау 61-бетте бөлімінен қараңыз. ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз.
2. Қатты диск кабелін (1) компьютерден ажыратыңыз. 3. Қатты дискіні көтеріп (2), оны қатты диск ұясынан тартып шығарыңыз. ЕСКЕРІМ: Қатты дискіні компьютерден шығарғаннан кейін, қатты дискінің өзіне қол жеткізу үшін қатты дискінің жақтауын немесе қабын шешіп алу керек. 4. Қатты драйв қысқышын алып (1), жалғағышты қатты драйвтан ажыратыңыз (2). Қатты дискіні орнату үшін, осы процедураны керісінше орындаңыз.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Дискіні тазалау құралын қосу: 1. Бастау экранында д деп теріңіз жəне іздеу жолағына диск сөзін жазыңыз. Настройки (Параметрлер), одан кейін Освобождение места на диске за счет удаления лишних файлов (Қажетсіз файлдарды жою арқылы дискіде орын босату) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жад модулін қосу немесе ауыстыру Жад қосу арқылы компьютер жұмысының тиімділігін арттыруға болады. Компьютерді физикалық жұмыс аймағымен салыстыруға болады.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. ЕСКЕРІМ: Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 8. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
9. Қызмет көрсету есігін орнына салыңыз. 10. Батареяны орнына салыңыз. 11. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 12. Компьютерді қосыңыз. Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді тазалау үшін, келесі тазалау құралдарын пайдаланбаңыз. Спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид сияқты қатты еріткіштер мен көмірсутектер; олардан компьютердің бетіне қатты зақым келуі мүмкін. Дисплейді, құрылғының шеттері мен қақпағын тазалау Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оның кебуін күтіңіз. Шеттерін жəне қақпағын тазалау үшін, алдын ала ылғалдандырылған бактерицидтік шүберекті пайдаланыңыз.
● Ұшу кезінде компьютерді қолдануды жоспарласаңыз, компьютерді пайдаланатын уақытты ұшу алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Əуе сапары кезінде компьютер қолдануға рұқсат беру əуе компаниясының құзырында. ● Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен «FRAGILE» (Тез сынғыш) деген ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз. ● Компьютерде сымсыз байланыс құрылғысы орнатылса, бұл құрылғыларды пайдалануға кейбір орталарда тыйым салынуы мүмкін.
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Экранды қорғағыш құпия сөздері сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, бастау экранында support (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз. Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет Пайдаланушы құпия сөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Əкімші құпия сөзі Компьютер мазмұнына əкімші деңгейінде кіруді қорғайды. ЕСКЕРІМ: Осы құпия сөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзді орнатып, содан соң HP SimplePass бағдарламалық құралын пайдаланып бір не бірнеше саусақ ізін тіркеңіз. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан жері туралы ақпаратты «Компьютермен танысу» бөлімінен қараңыз.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар жəне басқа да онлайн қауіп-қатерлер компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютеріңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі жəне желіаралық қалқаны бар Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының сынақ нұсқасы компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз. Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін Бастау экранында п əрпін теріңіз де, Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз.
3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
10 Setup Utility (BIOS) жəне System Diagnostics Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
System Diagnostics пайдалану System Diagnostics (Жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. System Diagnostics құралын бастау: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесі жылдам басылғаннан кейін, f2 пернесін басыңыз. 2. Орындалатын диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: басыңыз.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар. Бұл құралдар компьютерді жақсы жұмыс күйіне келтіруге немесе бастапқы зауыттық күйге келтіруге көмектеседі. Олар оңай қолданылады.
НР қалпына келтіру дискілерін жасау 80-бетте бөлімін қараңыз. 2. Аппараттық құрал жəне бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі — Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру утилитасымен белгілі бір сəтте сақталған қатты диск мазмұнының кескіні. Жүйені қалпына келтіру нүктесі Windows жүйесі пайдаланатын тіркеу параметрлері сияқты ақпаратты қамтиды.
● Егер компьютерде DVD дискісіне жазу қабілеті бар кірістірілген оптикалық диск жетегі болмаса, бірақ қалпына келтіру DVD дискілерін жасағыңыз келсе, қалпына келтіру дискілерін жасау үшін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалануға немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан алуға болады. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз: http://welcome.hp.com/country/us/en/ wwcontact_us.
Windows жүйесін жаңарту жəне жүйеге күтім көрсету үрдісі барысында автоматты түрде жасайды. Егер қалпына келтіру нүктесі қолмен жасалмаған болса, автоматты түрде жасалатын алдыңғы нүктеге дейін қалпына келтіре аласыз. Windows жүйені қалпына келтіру функциясын пайдалану процедурасы туралы ақпаратты жəне қосымша мəліметтерді алу үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығын қараңыз. Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қалпына келтіру функциясы зауытта жүйеге бастапқыда орнатылмаған кез келген стандартты бағдарламаларды жояды. ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру функциясын пайдалану кезінде, жойылған стандартты бағдарламалар тізімі сақталады жəне сізге қажет болуы мүмкін қолданбаларды оңай қайта орнатуға мүмкіндік беріледі. Стандартты бағдарламаларды қайта орнату туралы нұсқаулар алу үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығын қараңыз.
Бастау экранын пайдалану үшін 1. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз. 2. Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз. 3. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Изменение параметров компьютера (Компьютер параметрлерін өзгерту) белгішесін басыңыз жəне компьютер параметрлерінің экранында Общие (Жалпы) қойыншасын таңдаңыз. 4.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager бағдарламалық құралы арқылы жеке мəліметтердің сақтық көшірмесі автоматты түрде жасалмайды. Қалпына келтіруге кіріспес бұрын, сақтағыңыз келетін кез келген жеке мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз.
3. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып тұрып, жүктелу параметрлерін ашу үшін f9 пернесін басыңыз. 4. Жүктелетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. HP Recovery бөлімін жою HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискідегі орынды босату үшін HP Recovery бөлімін жоюға мүмкіндік береді.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
88 Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Бап 12 Техникалық сипаттамасы
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 31, 32 Айнымалы ток адаптері 7 тексеру 54 айнымалы ток адаптерін тексеру 54 астыңғы жағы 17 аудио параметрлерін HDMI үшін реттеу 32 аудио функциялары, тексеру 29 аудио функцияларын тексеру 29 аудио шығыс (құлақаспап) ұялары 6, 26 Ə əрекеттер пернелері алдыңғы жол немесе бөлім 45 Анықтама жəне қолдау орталығы 44 анықтау 15 дыбыс деңгейін арттыру 45 дыбысты өшіру 45 келесі жол немесе бөлім 45 ойнату, кідірту, жалғастыру 45 сəулеленетін жарықтандырғышы бар перн
жұмыс ортасы 87 жұмысты аяқтау 55 жүйе ақпаратының пернелер тіркесімі 46 жүйені қалпына келтіру 84 жүйені қалпына келтіру нүктесі жасау 80 қалпына келтіру 82 жүктеу реті HP Recovery Manager бағдарламасын өзгерту 85 И Интернет байланысын орнатқыш 21 Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал, пайдалану 73 К кабельдер USB 58 компьютер, сапарға шығу 53 компьютерді қорғау 67 компьютерді өшіру 55 компьютерді сапарға алып шығу 17, 53, 68 компьютерді тазалау 67 компьютерді тасымалдау 68 компьютер
Intel сымсыз дисплейі 32 USB 3.
C caps lock шамы, анықтау 13 CyberLink PowerDVD 32 E esc пернесі, анықтау 15 F fn пернесі, анықтау 15, 46 H HDMI аудио параметрлерін реттеу 32 HDMI порты анықтау 27 қосылу 31 HDMI порты, анықтау 7 HP 3D DriveGuard 64 HP Recovery Manager 84 жүктеу мəселелерін реттеу 85 қосу 85 HP компаниясының жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарының жаңартулары, орнату 74 I Intel сымсыз дисплейі сипаттама 57 шығарып алу 58 W Windows барлығын жою жəне қайта орнату мүмкіндігі 83 жүйені қалпына келтіру нүктесі 80, 82 қайт