Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel жəне Centrino – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері. AMD – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. SD логотипі – оның иегерінің сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШ-тағы сауда белгісі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Үстіңгі жағы .......................
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау ....... 24 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ............................................................................................... 24 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................ 24 Меңзеу таяқшасын қолдану ............................................................................................ 24 Сенсорлы тақтаны қолдану ..................................
Қуат өлшегіш пен қуат параметрлерін пайдалану ........................................ 39 Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау ............................................... 39 Батарея қуатын пайдалану ............................................................................................. 39 Батарея туралы қосымша ақпарат табу ........................................................ 40 Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану ...........................................
Дискілер ........................................................................................................................................................ 54 Дискілерді ұстау ................................................................................................................................ 54 Қатты дискілерді пайдалану ............................................................................................................
Компьютерді тазалау ........................................................................................................................ 75 Тазалау іс рəсімдері ........................................................................................................ 76 Дисплейді тазалау (көп қызметті компьютерлерде немесе ноутбуктерде) .................................................................................................. 76 Компьютердің жақтары немесе қақпағын тазалау ........................
Жапсырмалар ................................................................................................................................... 93 14 Техникалық сипаттамасы ........................................................................................................................ 95 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................ 95 Жұмыс ортасы .........................................................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу 16-бетте бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану 70-бетте бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек Анықтама жəне қолдау орталығы ● Амалдық жүйе туралы ақпарат Анықтама жəне қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Бұл нұсқаулыққа қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) > View Warranty Information (Кепілдік ақпаратын көру) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Үстіңгі жағы Сенсорлы тақта Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзегіш құрылғы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (4) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқылық күйде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Сенсорлы тақта шамы ● Сары: Сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. ● Сары: микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: микрофон дыбысы қосулы. (4) Микрофон дыбысын өшіру шамы (5) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы.
Түймешік пен үндеткіштер Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз. ● Компьютер ұйқылық күйде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Бөлік Сипаттама (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді жəне қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows түймешігі Windows Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді. (4) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Бөлік (1) (2) (3) (4) Сипаттама Сымсыз байланыс шамы Қуат шамы Айнымалы ток адаптері/Батарея шамы Қатты диск шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetoothқұрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқылық күйде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі. ● Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған.
Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпаратты Secure Digital (SD) сияқты жад картасынан оқиды жəне картаға жазады. (2) Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Артқы көрінісі Бөлік Сипаттама (1) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады. (2) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. 12 (3) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптерін қосады. (4) Айнымалы ток адаптері ● Ақ: Компьютер сыртқы қуатқа қосылды.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы модельдерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда.
Астыңғы жағы Бөлік 14 Сипаттама (1) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады. (2) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (3) SIM картасының ұясы Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді. SIM картасының ұясы батарея ұясында орналасқан. (4) Қондыру қосқышы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды. (5) Қосымша батарея қосқышы Қосымша батареяны жалғайды. (6) Қызмет көрсетуге арналған есікті босату құлпы Қызмет көрсетуге арналған есікті бекітеді.
Бөлік (8) Сипаттама Желдеткіштер (3) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (9) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN жəне жад модульдерінің тесіктеріне кіруге мүмкіндік береді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің пернетақтасында сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі болуы мүмкін. «Сымсыз байланыс түймешігі» термині осы нұсқаулықта сымсыз байланысты басқару элементтерінің барлық түрлерін білдіреді.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады. Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, сымсыз желілерді басқаруға жəне желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама жəне қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрмендерін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер құрылғы қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады.
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді: ● GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы. ● CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы. ● LTE (ұзақ мерзімді эволюция) байланысы LTE технологиясын қолдайтын желілермен жалғайды.
7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРІМ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея орнындағы суретті қараңыз. 8. Батареяны орнына салыңыз. ЕСКЕРІМ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді. 9. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 10. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 11. Компьютерді қосыңыз. SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, оны ұясынан шығарып алыңыз.
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы əрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта немесе сенсорлы экран (тек таңдаулы үлгілерде) меңзер əрекеттерін саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды дисплей немесе сенсорлы тақтада жəне олардың екеуінде пайдалана аласыз. Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада Түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● 26 Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Шымшу/масштабтау Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз.
Екі саусақпен басу (тек таңдаулы үлгілерде) Екі саусақпен басу қимылы экрандық нысан үшін мəзір пəрмендерін таңдауға мүмкіндік береді. ● Таңдалған нысан үшін мəзір пəрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып басыңыз. Сызу мүмкіндігі (тек таңдаулы үлгілерде) Сызу экрандарда жылжытуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. ● 28 Үш саусақты сенсорлы тақта аймағына қойып, саусақтарыңызды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай баяу жылжытыңыз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пернетақта əрекеттер пернелері мен жылдам пернелердің арнайы функцияларын орындау мүмкіндігін береді. ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелер тіркесімі Сипаттама fn + f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді. fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады. fn+f8 Микрофонды үнсіздендіреді. fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді. fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. fn+f11 Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Пернетақтаның артқы жарығы зауытта іске қосылады. Батарея қызмет мерзімін арттыру үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
(1) Бөлік Сипаттама num lk пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын жəне сандар функциясын атқарады. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. (2) Кірістірілген сандық пернетақта num lk пернесі қосылғанда, оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: болады.
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз. Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады. Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін 1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты өндіруші нұсқауларынан қараңыз. ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқышты босату түймешігін басыңыз. Thunderbolt портына жалғау Thunderbolt порты ажыратымдылығы жоғары дисплейге немесе өнімділігі жоғары деректер құрылғысына қосады.
ЕСКЕРІМ: Thunderbolt жаңа технология болып табылады. Құрылғыңызды Thunderbolt портына жалғамас бұрын, Thunderbolt құрылғысына арналған ең соңғы драйверлердің барлығын орнатыңыз. Thunderbolt сымы жəне Thunderbolt құрылғысы (бөлек сатылады) Windows жүйесімен үйлесімді болуы тиіс. Құрылғының Windows үшін сертификатталған Thunderbolt құрылғысы екенін анықтау үшін, https://thunderbolttechnology.net/products бөлімін қараңыз. 1. Thunderbolt кабелінің бір ұшын компьютердегі Thunderbolt портына жалғаңыз. 2.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз. Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға болады: ● Қуат түймешігін тез басып қалыңыз. ● Дисплейді жабыңыз. ● Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Сон (Ұйқы) белгішесін басыңыз.
Қуат өлшегіш пен қуат параметрлерін пайдалану Қуат өлшегіш хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан. Қуат өлшегіш қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді. ● Батарея зарядының қалған пайыздағы деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат өлшегіш белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат өлшегіш белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Тек таңдаулы компьютер модельдерінде графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында ауыстырылады. Қосымша ақпаратты Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер) 45-бетте бөлімінен қараңыз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Компьютер қолданыста болмағанда немесе зарядталмағанда компьютерден пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны шығарып алыңыз. ● Пайдаланушымен ауыстырылатын батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
Батареяны салу жəне шығарып алу Батареяны салу Батареяны салу үшін 1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны (1) батареяның орнына отырғанша енгізіңіз. Батареяны босату ысырмасы (2) батареяны орнына автоматты түрде бекітеді. Батареяны шығарып алу Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін.
● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Экран жарықтығын азайтыңыз. ● Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз. Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
AMD графикалық режимдер параметрлерін басқару үшін 1. Windows жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, Catalyst басқару орталығын ашыңыз жəне Configure Switchable Graphics (Ауыспалы графикалық режимдердің параметрлерін реттеу) пəрменін таңдаңыз. 2. Электропитание (Қуат) қойыншасын нұқып, Переключаемые графические режимы (Ауыспалы графикалық режимдер) пəрменін таңдаңыз.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Жад карталарын оқығышты қолдану (таңдаулы үлгілерде ғана) Қосымша жад карталар деректерді қауіпсіз сақтау жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
3. Картаны жад картасы оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз. Құрылғы анықталғанда дыбыс естисіз жəне параметрлердің мəзірі көрінуі мүмкін. ExpressCards картасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ExpressCard картасы — өнімділігі жоғары компьютер картасы. ExpressCard ұясына салынады. ExpressCard карталары PCMCIA стандарт талаптарына сəйкес жасалады. ExpressCard картасын конфигурациялау Тек картаға қажетті бағдарламалық құралды орнатыңыз.
ExpressCard картасын салу ЕСКЕРТУ: Компьютер мен сыртқы медиа карталардың зақымдануын болдырмау үшін, ExpressCard ұясына компьютер картасын салмаңыз. ЕСКЕРТУ: Қосқыштардың зақымдану қупін азайту үшін: ExpressCard картасын өте жай салыңыз. ExpressCard картасын пайдаланып жатқан кезде компьютерді жылжытпаңыз немесе тасымалдамаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен құрылғыңыздың көрінісі сəл өзгешелеу болуы мүмкін. ExpressCard ұясының қорғаныс қосымшасы болуы мүмкін. Қосымшаны шығарып алу үшін: 1.
ExpressCard картансын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы жабдықты шығару белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3.
Смарт-картаны салу 1. Картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары қаратып, картаны ақырындап смарт-картаны оқу құрылғысына орныққанша сырғытыңыз. 2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Смарт-картаны шығарып алу ▲ Смарт-картаның шетін қысып, оны смарт-карталарды оқу құрылғысынан суырып алыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Дискіні құлатуға, оның үстіне зат қоюға, сұйықтық тигізуге немесе шектік мəндердегі температураларға не ылғалдық жағдайларына төндіруге болмайды. Дискілермен жұмыс істегенде, мына сақтық шараларын қадағалаңыз. ● Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз.
Intel Smart Response Technology (тек таңдаулы үлгілерде) Intel® Smart Response технологиясы (SRT) — компьютер жүйесінің жұмысын елеулі түрде жақсартатын Intel® Rapid Storage технологиясы (RST) кэштеу мүмкіндігі. SRT мүмкіндігі SSD mSATA модулі бар компьютерлерді жүйе жады мен қатты диск жетегі арасындағы кэш жады рəтінде пайдалануға мүмкіндік береді.
3. Қызмет көрсету есігінің сырғытпасын қайта солға жылжытыңыз (3), қызмет көрсету есігінін алға жылжытыңыз (4), одан кейін қызмет көрсету есігін көтеріп алыңыз (5). ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, оны қызмет көрсетуге арналған есіктің астында сақтай аласыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз. 56 1.
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті құлыптау үшін, босату ысырмасын оңға қарай ысырыңыз (5). ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, оны қызмет көрсетуге арналған есіктің астында сақтай аласыз. 4. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 42-бетте қараңыз). Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз.
5. Қатты диск қақпағындағы 3 бұранданы бұрап босатыңыз (1). Қатты драйв сырғытпасын тартып, қатты драйвты қосқыштан ажыратыңыз (2), одан кейін қатты драйвты алыңыз (3). Қатты дискіні орнату ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Қатты дискіні орнату үшін: 58 1. Қатты диск жетегін ұясына еңкейтіп кіргізіңіз де, ұяның ішінде тегіс ұстап орнатыңыз (1). 2. Қатты драйвты қосқышқа жалғап, сырғытпасын жабыңыз (2). 3.
6. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 7. Компьютерді қосыңыз. Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады. Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан, қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын баяулатады.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмысына қайтарады.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады. ● BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды. ЕСКЕРІМ: Егер BIOS əкімшісінің құпия сөзін жоюды болдырмау үшін мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жою мүмкін емес. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою үшін де қолданылады.
BIOS əкімші құпия сөзін өзгерту 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз. 4.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу BIOS administrator password (BIOS əкімші құпия сөзі) сұралғанда, құпия сөзді теріңіз де (құпия сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып) enter пернесін басыңыз. BIOS əкімші құпия сөзі енгізу əрекеті 3 рет қатар сəтсіз болса, компьютерді қайта қосып, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay құрылғысына емес). DriveLock əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзді енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз. 6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз. 7. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде əрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. 72 1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 74 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 55-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 42-бетте қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10.
Тазалау іс рəсімдері Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз. Компьютерді өшіріңіз. Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/ support торабына өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркеліңіз.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы SoftPaq файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады. SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен SoftPaq ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға жəне қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР жəне Windows құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді оның дұрыс жұмыс күйіне оңай келтіруге көмектеседі.
Нұсқаулар ● Қалпына келтіру медиасын жасау немесе сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына диск түрлерін (бөлек сатылады) пайдаланыңыз: DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер қолданыстағы оптикалық диск түріне байланысты болады. ● Қалпына келтіру медиасын жасамас немесе сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз.
файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру қажет. Компьютерді іске қосуға жəне жүйе тұрақсыз болған немесе істемей қалған жағдайда амалдық жүйені жөндеуге қолданылатын Windows жүйесін жөндеу дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) жасау қажет. Алғашқы жəне кейінгі сақтық көшірмелеріңіз проблема туындағанда деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді: ● Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге болады. Windows жүктеу кезіндегі қалпына келтіру құралының көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады.
ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты дискіні мүлдем жойып, қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасы Егер HP Recovery Disc Creator (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы əрі бұрын жасалған қалпына келтіру медиасын пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, HP веб-торабына өтіңіз. АҚШта қолдау алу үшін, http://www.hp.com/support мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз.
12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар. BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен ақылдасыңыз. BIOS жүйесін орнату қадамдары əр түрлі болады. Жүктеп алу аяқталғаннан кейін экранда көрсетіліп тұратын барлық нұсқауларды орындаңыз. Ешқандай нұсқаулар көрсетілмесе, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні нұқыңыз.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады: ● Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы орнату үшін.
MultiBoot Express кеңестерін орнату Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын MultiBoot бастау мəзірін көрсететіндей етіп орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1. Компьютерді қосу немесе өшіріп қайта бастау үшін esc пернесін, одан кейін f2 пернесін басыңыз. f2 пернесі басылғаннан кейін, BIOS бағдарламасы HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралдарын үш орында төмендегі тəртіпте іздейді: а. Қосылған USB диск жетегі ЕСКЕРІМ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу 91-бетте бөлімінен қараңыз. 2. ə.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея орнында немесе сервистік есіктің астында орналасқан. Бұл орындарды табу кезінде көмек алу үшін, Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Бөлік 94 (3) Сериялық нөмір (4) Өнім нөмірі ● Microsoft® түпнұсқалық туралы куəлігі - Windows өнім кілті туралы ақпаратты қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігі компьютердің түбіне жабыстырылған. ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
96 Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Бап 14 Техникалық сипаттамасы
а Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір кеңестерін осы жерден табасыз. ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден сандық сақтау карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
ə Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер осы қосымшада қамтылған: Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығынан табыңыз. Анықтама жəне қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады.
Компьютердің экраны бос Егер экран бос, бірақ компьютер əлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе бірнеше себеп болуы мүмкін: ● Компьютер ұйқылық күйде болуы мүмкін. Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. Ұйқылық күй дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
● Дискінің жыртылмағандығын тексеріңіз. Егер жыртылғандығы байқалса, дискіні электрондық бұйымдар дүкендерінде сатылатын оптикалық диск жөндеу жинағымен қалпына келтіріңіз. ● Дискіні ойнатудан бұрын ұйқылық күйді ажыратыңыз. Дискіні ойнатқан кезде ұйқылық күйді қоспаңыз. Əйтпесе, жалғастыру керектігін сұрайтын ескерту хабары көрсетіледі. Егер осы хабарлама экранға шықса, Нет (Жоқ) түймешігін басыңыз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 69 шығарып алу 70 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 36 айнымалы ток адаптері, тексеру 45 Айнымалы ток адаптері/ 12 Айнымалы ток адаптері/батарея шамы 9 айнымалы ток адаптерін тексеру 45 ақаулықтарды жою дискіге жазу 101 дискіні ойнату 100 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 101 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 94 Өнім кілті 94 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 10 аудио функциялар, тексеру 33 аудио функцияларды тексеру 33 ау
желдеткіштер, анықтау 11, 12, 15 желі ұясы, анықтау 12 желіаралық қалған бағдарламасы 71 жұмыс ортасы 95 жылдам пернелер, медиа 32 И Интернет байланысын орнатқыш 19 К кабельдер USB 52 компьютер, сапарға шығу 43, 97 компьютерді қорғау 75 компьютерді өшіру 37 компьютерді сапарға алып шығу 43, 94, 97 компьютерді тазалау 75 конфигурациялау ExpressCard карталары 48 корпоративтік WLAN қосылымы 20 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 29 Күту қосу 38 шығу 38 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 59 Дискіні тазал
пернетақтаның артқы жарығы 30 сипаттама 29 Ұйқы 29 үндеткіш дыбысын жоғарылату 30 үндеткіш дыбысын өшіру 29 үндеткіш дыбысын төмендету 30 экран жарықтығын азайту 30 экран жарықтығын арттыру 30 экран кескінін ауыстырып қосу 29 пернетақта кірістірілген сандық 8 пернетақта, сыртқы num lock 31 пайдалану 31 пернетақтадағы пернелер тіркесімдері, анықтау 29 пернетақталар, анықтау 30 пернетақтаның артқы жарығы 30 порттар DisplayPort 11, 34 Intel сымсыз дисплейі 36 USB 11 Р реттеу утилитасы зауыт параметрлерін қалпы
Айнымалы ток адаптері/ батарея 9 веб-камера 13 қатты диск 9 қуат 5, 9 Сенсорлы тақта 5 сымсыз байланыс 5 шамдар, қатты диск 60 Ы ысырма, батареяны шығару 14 ысырмалар, қызмет көрсетуге арналған есікті босату 14 E esc пернесі, анықтау 8 ExpressCard белгіленген 48 конфигурациялау 48 қосымшаны алып тастау 49 салу 49 шығарып алу 50 ExpressCard картасының ұясы 11 F f11 қалпына келтіру 83 fn пернесі, анықтау 8, 29 І ішкі дисплей қосқышы 13 ішкі микрофондар, анықтау 13 G GPS 22 Э экран жарықтығы пернелері 30 э