Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012 - 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мәліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетуге байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейге қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты заттың немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ............................................................................................................................ 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты әрекеттер ............................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары .....................................
4 Пернетақтаны және меңзегіш құрылғыларды пайдалану ..................................................................... 17 Әрекет пернелерін пайдалану ......................................................................................................... 17 Сенсорлы тақтаны қолдану .............................................................................................................. 18 Шарлау ........................................................................................................
6 Ақпаратты басқару және бөлісу ................................................................................................................ 30 USB құрылғысын пайдалану ............................................................................................................ 30 USB құрылғысын жалғау ................................................................................................. 31 USB құрылғысын ажырату .................................................................................
Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану .................................................................................. 44 9 Setup Utility (BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану ................................................ 45 Setup Utility құралын бастау ............................................................................................................. 45 Setup Utility құралын пайдалану .......................................................................................
1 Қосылғанда жанатын шам МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл компьютерге орнатылған Ubuntu амалдық жүйесінде басқа амалдық жүйелерде қол жетімді мүмкіндіктердің кейбіреулеріне қолдау көрсетілмейді. Мысалы, Ubuntu бағдарламасында ауыспалы немесе қос өлшемді графикаға, сенсорлы экранға, WWAN желісіне, саусақ ізін оқу құрылғысына, Bluray дискілеріне, сенімді платформа модуліне, GPS қызметіне және M.2 SSD мен mSATA сияқты дискілерге қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі мәліметтер, әдістер, т.б. туралы ақпарат алу үшін, осы кестені көріңіз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу. Ubuntu жұмыс үстеліндегі нұсқаулық ● Әдістер туралы ақпарат және ақаулықтарды жою бойынша кең ауқымды кеңестер.
Аппараттық және бағдарламалық құрал туралы мәліметтерді табу 1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін басыңыз, одан кейін Настройки системы (Жүйе параметрлері) параметрін таңдаңыз. 2. Система (Жүйе) бөлімінен Подробная информация (Толық мәліметтер) белгішесін басыңыз. Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискімен, қатты күйдегі дискілерімен (SSDs) немесе қосымша қатты дискімен қоса барлық құрылғылар туралы ақпарат көрсетіледі.
2 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Модельге сәйкес, компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы және бір немесе бірнеше сымсыз байланыс шамы болуы мүмкін. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
Интернет провайдерін пайдалану Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін және модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға және Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРТПЕ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату және Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) және Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
бірақ сіз Ubuntu қамтамасыз ететін Gufw тегін желіаралық қалқан утилитасын жүктей аласыз. Gufw утилитасын жүктеп алу және орнату туралы ақпаратты Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану (43-бет) бөлімінен қараңыз. ● Сымсыз шифрлауды қолданыңыз. Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау және шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Сымды желіге қосылу Сымды желіге қосылу үшін, 8 істікшелі RJ-45 желі кабелі қажет. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
Жергілікті желіге (LAN) қосылу Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі бұрыннан бар сымды желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз. Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз. 2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз.
3 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін монитор, проектор, теледидар және таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз. Google Hangouts және Skype сияқты бағдарламалармен бірге веб-камераны пайдалануға болады.
Микрофонды қосу Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы нәтиже алу үшін, артқы шу жоқ параметрде микрофонға тікелей сөйлеңіз. Дыбысты тексеру Компьютердегі жүйе дыбысын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін басыңыз, одан кейін Настройки системы (Жүйе параметрлері) > Звук (Дыбыс) белгішесін басыңыз. 2.
VGA мониторын немесе проекторын жалғау Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында немесе проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетіндегі Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін басыңыз және Дисплеи (Дисплейлер) опциясын басып, Разрешение (Ажыратымдылық) параметріне жақын орналасқан ашылмалы мәзірден ажыратымдылықты таңдаңыз.
сипаттамаларын пайдаланып ажыратымдылық пен жаңарту деңгейін орнатыңыз. Қажет болса бұрылысты өзгертіңіз. Егер дисплей айнаны орнатуды талап етсе, Зеркальные дисплеи (Айна дисплейлері) құсбелгісін қойыңыз. 4. Параметрлер теңшелгеннен кейін, Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз. DisplayPort DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты бейне немесе аудио құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз, әсіресе, «Кеңейту» параметрін таңдасаңыз. Үздік нәтиже алу үшін, үстіңгі тақтаның оң жақ шетіндегі Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін басыңыз және Дисплеи (Дисплейлер) опциясын басып, Разрешение (Ажыратымдылық) параметріне жақын орналасқан ашылмалы мәзірден ажыратымдылықты таңдаңыз. Компьютерге ажыратымдылығы жоғары теледидарды не мониторды жалғау: 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2.
16 1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Звуковое меню (Дыбыстар мәзірі) белгішесін басыңыз, одан кейін Настройка звука (Дыбыс параметрлері) параметрін таңдаңыз. 2. Вывод (Шығыс) қойыншасында Internal Audio Analog Stereo (Ішкі аудио аналогтық стерео) опциясын таңдаңыз. 3. Дыбыс терезесін жабыңыз.
4 Пернетақтаны және меңзегіш құрылғыларды пайдалану Компьютер экранда пернетақта және меңзегіш құрал арқылы оңай шарлауға мүмкіндік береді. Таңдаулы үлгілердегі әрекет пернелері немесе пернелер тіркесімдері жалпы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Сенсорлы тақта арқылы экрандағы функциялар сыртқы тінтуір түймешіктері сияқты жұмыс істейді. Меңзегіш құрылғы параметрлерін қарау және қажетті параметрлерді таңдау үшін 1.
Белгіше Сипаттама Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, бұл перне басылған сайын, экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі. Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды.
Шарлау Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды Сенсорлы тақта тақтасының беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаны пайдалану арқылы нұқу, екі рет басу және апару үшін 1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін басыңыз, одан кейін Настройки системы (Жүйе параметрлері) > Мышь и сенсорная панель (Тінтуір және сенсорлы тақта) тармағын басыңыз. 2. Қосқыңыз және ажыратқыңыз келетін іс-қимылдарды таңдаңыз. 3.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін, саусағыңызды бір уақытта сенсорлы тақтаның үстіне қойыңыз немесе саусақты сенсорлы тақтаның жиегінен жылжытыңыз. ЕСКЕРТПЕ: бермейді.
Көлденең жылжыту Көлденең жылжыту қимылы бет немесе сурет бойынша жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет әрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. Жиек бойынша жылжыту Жиек бойынша жылжыту қимылы сенсорлы тақтаның жиегін пайдалану арқылы жылжуға мүмкіндік береді. Тігінен жылжу үшін, бұл құсбелгі қойылған кезде, сенсорлы тақтаның оң жағымен саусағыңызды жоғары не төмен сырғытыңыз.
5 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
береді. Компьютер ұзақ мерзім үшін күту күйінде болғанда немесе күту күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жеткенде, компьютерде гибернация режимі қосылады. Күту күйі қосылғанда, жұмыс қатты дискідегі күту файлына сақталады және компьютер өшіріледі. Гибридтік ұйқылық режим басталғанда, жұмысыңызды қоса компьютеріңіз жадқа және қатты дискіге сақталады. Гибридтік ұйқылық режимнен шыққаннан кейін, компьютер бұрынғы күйге оралады.
● Қуат қосқышын тез басып, Гибернация (Күту) опциясын басыңыз. ● Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін басыңыз, одан кейін Гибернация (Күту) параметрін таңдаңыз. Күту күйінен шығу үшін ▲ Қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Компьютер күту күйінен шыққанда, қуат шамы қосылады және экран жұмыс істеуді аяқтаған жерге қайтарылады. Қуат белгішесін қолдану Питание (Қуат) белгішесі Настройки системы (Жүйе параметрлері) қалтасында орналасады.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу Зарядталған батарея компьютерде болғанда және компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Егер компьютерде зарядталған батарея орнатылған болса және айнымалы ток адаптері компьютерден ажыратылған болса, компьютер батарея қуатына автоматты түрде ауысады және экран жарықтығы батареяның қызмет көрсету мерзімін арттыру үшін төмендетіледі. Компьютер өшірілгенде және сыртқы қуаттан ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту және батарея заряды дисплейлерінің нақтылығын оңтайландыру үшін осы ұсыныстарды орындаңыз: ● Жаңа батареяны зарядтаған кезде, компьютерді қоспас бұрын оны толық зарядтаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батарея зарядталып жатқан кезде компьютер қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы батарея көрсеткіші батарея 100% зарядталып болғанға дейін толық зарядталғанын көрсетуі мүмкін.
● Айнымалы ток адаптері ● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Зарядсыз батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз. 3. Компьютерді қосыңыз. Батарея қуатын үнемдеу ● Сымсыз және жергілікті желі (LAN) қосылымдарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз.
Батарея туралы ақпарат алу үшін, үстіңгі тақтаның оң жағындағы Меню аккумулятора (Батарея мәзірі) белгішесін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Қажет болғанда батарея қуатын пайдалануға мүмкіндік жасау үшін HP компаниясы сақтау сыйымдылығының көрсеткіші жасыл-сары түсті болып жанған уақытта, жаңа батареяны сатып алуды ұсынады. Сыртқы айнымалы ток көзін пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу туралы қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру үшін 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс жұмыс істейді.
6 Ақпаратты басқару және бөлісу Диск жетектері — ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге және қол жеткізуге мүмкіндік беретін сандық сақтау құрылғылары немесе қатты күйдегі дискілер. Компьютердің ішінде бағдарламалық құралдар және амалдық жүйе сақталатын және жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін қатты диск бар. Сонымен қатар, кейбір компьютерлерде CD немесе DVD дискілерінен оқуға не жазуға мүмкіндік беретін ішкі оптикалық диск жетегі болады.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз. Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы USB құрылғысын ажырату ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату мақсатында кабельден тартпаңыз. ЕСКЕРТУ: USB құрылғысын қауіпсіз түрде ажырату үшін мына әрекеттер орындаңыз. 1.
2. Картаны сандық жад картасының ұясына басып мықтап кіргізіңіз. Сандық жад картасын шығару үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол бермеу мақсатында, сандық картаны қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Мәліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2.
Оптикалық диск жетегінің жұмысын жақсарту үшін, келесі кеңестерді пайдаланыңыз. ● Батарея жалғыз қуат көзі болса, тасушыға жазбас бұрын зарядтың жеткілікті екенін тексеріңіз. ● Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады. ● Диск бағдарламалық құралының соңғы жаңартулары орнатылған болуы керек. ● Пайдаланылатын диск таза болмаса, оны құрғақ, талшықсыз, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Оптикалық дискіні салу Науа науасы 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск салғышты шығарып алу үшін, диск салғыш беткі тақтасындағы шығарып алу түймешігін (1) басыңыз. 3. Диск салғышты (2) ашыңыз. 4. Дискінің тегіс беттерін ұстамау үшін, оның жиектерінен ұстап, диск белгісі жоғары қарайтындай диск салғыш білігіне орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Диск салғыш толығымен қолданыста болмаса, дискіні біліктің үстіне абайлап орналастырыңыз. 5. Диск (3) орнына түскенше оны диск салғыштың білігінде төмен жайлап басыңыз.
3. Дискіні диск саңылауы бар оптикалық диск жетегіне жайлап салыңыз. Оптикалық дискілерді шығарып алу Науа науасы Диск салғыш ашылған немесе ашылмаған жағдайға байланысты дискті шығарып алудың 2 жолы бар. Диск салғыш қалыпты түрде ашылған жағдайда 1. Диск салғышты шығару үшін, жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін (1) басып, салғышты (2) абайлап, толықтай тартып шығарыңыз. 2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз және бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРТПЕ: 4. Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз. Диск саңылауы 36 1. Диск жетегінің жанындағы босату түймешігін (1) басыңыз. 2. Дискінің (2) тегіс беттерін ұстамау үшін, оның жиектерінен ұстап алыңыз. 3. Дискті қорғаныш қабына салыңыз.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мәселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Технологиялар әрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде, кір және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін. Тазалау іс рәсімдері Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз. ● Компьютерді өшіріңіз. ● Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. ● Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден сандық сақтау карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармас бұрын, дискіден кез келген драйверді алып тастаңыз. ЕСКЕРТУ: Бұл әрекетті дискіні тасымалдау, сақтау немесе онымен сапарға шығу алдында, осы әрекетті орындаңыз.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютерді қорғау ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде әрекет ету үшін жасалады, бірақ олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды. Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер қолданылатын әдіске байланысты болады. Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Амалдық жүйеде құпия сөздерді орнату Амалдық жүйедегі құпия сөздер Қызмет Бастапқы құпия сөз Амалдық жүйенің бастапқы деңгейдегі есептік жазбасына кіруді қорғайды. Пайдаланушы құпиясөзі Амалдық жүйенің пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Setup Utility (BIOS) және Computer Setup ішінде құпия сөздерді орнату Құпия сөзді теріңіз Қызмет Әкімші құпия сөзі немесе BIOS әкімші құпия сөзі* ● Setup Utility немесе Computer Setup ішіне қатынасты қорғайды.
мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мәзірі көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз. 2. Безопасность (Қауіпсіздік) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Әкімші құпия сөзін енгізу Enter Password (Құпия сөзді енгізіңіз) сұрауына әкімші құпия сөзін теріп, enter пернесін басыңыз.
қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек. Компьютерді толығымен қорғау үшін қалаған бағдарламалық жасақтаманы сатып алған жөн. Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан немесе бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау қатерінен қорғау үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. Қосымша ақпаратты Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (49-бет) бөлімінен қараңыз.
9 Setup Utility (BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility құралы орнатылған сыртқы құрылғылардың түрі, компьютерді бастау реті және жүйелік пен кеңейтілген жад мөлшері үшін параметрлерді қамтиды. ЕСКЕРТПЕ: Setup Utility құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
● Мәтін ұясын жабу немесе мәзір дисплейіне қайту үшін, esc пернесін басыңыз. ● Setup Utility құралы ашық болғанда қосымша шарлауды және таңдалған ақпаратты көрсету үшін, f1 пернесін басыңыз. Жүйе ақпаратын көрсету 1. Setup Utility құралын бастаңыз. 2. Main (Негізгі) мәзірін таңдаңыз. Жүйе уақыты және күн сияқты жүйе ақпараты және компьютер туралы анықтау ақпараты көрсетіледі. 3.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз. 5. Диагностика (Диагностикалық) бөлімде Среда поддержки HP UEFI (HP UEFI қолдау ортасы) пәрменін таңдаңыз. – немесе – Загрузить (Жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Выполнить (Орындау) опциясын таңдаңыз.
10 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру және жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нәтиже береді. Жаңа бағдарлама және деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру қажет. Қалпына келтіру суретін жасау Recovery Media Creator бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге мүмкіндік береді.
Қалпына келтіру DVD дискілерін қалпына келтіруді жасау бағдарламалық құралының көмегімен жасау: 1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін басыңыз, одан кейін Настройки системы (Жүйе параметрлері) > Архивация (Сақтық көшірме) опцияларын басыңыз. 2.
3. Терезенің сол жағындағы аймақта Обзор (Шолу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Архивировать сейчас (Қазір сақтық көшірмені жасау) параметрін басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бастапқы зауыттық күйді қалпына келтіру ЕСКЕРТПЕ: Бұл әрекетті орындауға кіріспес бұрын іске қосатын компьютердің айнымалы ток қуатына жалғанғанын тексеріңіз. Компьютерді бастапқы зауыттық күйге келтіру үшін DVD дискілеріндегі немесе USB құрылғысындағы қалпына келтіру кескінін пайдалану: 1.
1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін басыңыз, одан кейін Настройки системы (Жүйе параметрлері) > Архивация (Сақтық көшірме) белгішесін басыңыз. 2. Терезенің сол жағындағы аймақта Папки (Қалталар) опциясын таңдаңыз және Папки для архивирования (Сақтық көшірме жасау үшін қалталар) ішінен қалталарды таңдаңыз. 3.
11 Қолдау Қолдау қызметімен хабарласу ЕСКЕРТПЕ: Руководство пользователя рабочего стола Ubuntu (Ubuntu жұмыс үстеліндегі нұсқаулыққа) қол жеткізу үшін, f1 пернесін басыңыз. Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Руководство пользователя рабочего стола Ubuntu (Ubuntu жұмыс үстеліндегі нұсқаулықтағы) ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады. АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз.
Бөлік 54 (1) Сериялық нөмір (2) Өнім нөмірі (3) Кепілдік күшінің мерзімі (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде) ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 мен - 35°C арасында 41 пен - 95°F арасында Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 14 амалдық жүйе 22 амалдық жүйе, орнатылған құпия сөздер 41 астыңғы жағы 54 аудио параметрлерін HDMI үшін реттеу 15 аудио функциялары, тексеру 12 аудио функцияларын тексеру 12 Ә әдепкі параметрлер, сақтау 46 әкімші құпия сөзі басқару 41 енгізу 42 жасау 41 әкімші құпия сөзін басқару 41 әкімші құпия сөзін енгізу 42 Б бағдарламалық құралдың және мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау 44 батарея батареяның төмен деңгейлері 26 жою 27 зарядтау 25 қуат 25 қуатты ү
қызмет көрсету жапсырмалары орны 53 қызықты әрекеттер 1 Н науа науасы оптикалық диск жетегі 34 О оқылатын медиа 23 оптикалық диск салу 34 шығарып алу 35 орнату қосымша қауіпсіздік кабелінің құлпы 44 Ө өнім аты және нөмірі, компьютер 53 өте төмен батарея деңгейі П порттар DisplayPort 14 HDMI 14 VGA 13 сыртқы монитор 26 Индекс Т температура 27 Тоқтата тұру қосу 23 шығу 23 тұтынылатын қуат 55 тінтуір, сыртқы басым параметрлерді орнату 17 Ү үнемдеу, қуат 13 С сақтық көшірмелер 49 сандық карта салу 31 Сенсо