User Guide - Ubuntu
мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін
басыңыз. Іске қосу мәзірі көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз.
2. Безопасность (Қауіпсіздік) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Әкімші құпия сөзін енгізу
Enter Password (Құпия сөзді енгізіңіз) сұрауына әкімші құпия сөзін теріп, enter пернесін
басыңыз. Әкімші құпия сөзін енгізудің 3 сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып,
әрекетті қайта орындау қажет.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
1. Setup Utility утилитасын компьютерді қосу немесе қайта бастау арқылы ашыңыз. Экранның
төменгі сол бұрышында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC
пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Бастау мәзірі
көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз.
2. Security (Қауіпсіздік) > Set Power-On Password (Қосылғанда сұралатын құпия сөзді орнату)
пәрменін таңдау үшін, көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз да, enter пернесін басыңыз.
●
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді орнату үшін, құпия сөзді Enter New Password (Жаңа
құпия сөзді енгізіңіз
) және Confirm New Password (Жаңа құпия сөзді растаңыз)
өрістерінде теріп, enter пернесін басыңыз.
●
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді өзгерту үшін, ағымдағы құпия сөзді Enter Current
Password (Ағымдағы құпия сөзді енгізіңіз) өрісінде теріп, Enter New Password (Жаңа
құпия сөзді енгізіңіз) және Confirm New Password (Жаңа құпия сөзді растаңыз)
өрістерінде жаңа құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
●
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді жою үшін, құпия сөзді Enter Current Password
(Ағымдағы құпия сөзді енгізіңіз) өрісінде теріп, enter пернесін 4 рет басыңыз.
3. Енгізілген өзгертулерді сақтау және Setup Utility утилитасынан шығу үшін, көрсеткі
пернелерді пайдаланып, Exit (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгертулерді сақтап шығу)
пәрмендерін таңдаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді енгізу
Enter Password (Құпия сөзді енгізіңіз) сұрауына құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
Құпия сөзді енгізудің 3 сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, әрекетті қайта
орындау қажет.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
бағдарламалық құралын пайдалану
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған
кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар және басқа да онлайн қауіп-қатерлер
компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютерді қорғау үшін, құрамында вирусқа қарсы және
брандмауэр мүмкіндіктері бар Интернет қауіпсіздігі бағдарламалық жасақтамасын орнатуға
болады
. Жаңа пайда болған вирустардан және басқа қауіпсіздік қатерлерінен уақытымен
42
8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау