User Guide - Ubuntu

1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін
басыңыз, одан кейін Настройки системы (Жүйе параметрлері) > Архивация (Сақтық
көшірме) белгішесін басыңыз.
2. Терезенің сол жағындағы аймақта Папки (Қалталар) опциясын таңдаңыз және Папки для
архивирования
(Сақтық көшірме жасау үшін қалталар) ішінен қалталарды таңдаңыз.
3. Терезенің сол жағындағы аймақта Хранение (Сақтау) опциясын таңдаңыз және Место
архивации (Сақтық көшірменің орналасуы) параметрінің қасындағы төменгі көрсеткіні
нұқып, ашылмалы тізімнен қажет орналасу орнын таңдаңыз.
4. Терезенің сол жағындағы аймақта Обзор (Шолу) опциясын таңдаңыз, одан кейін
Архивировать сейчас (Қазір сақтық көшірмені жасау) параметрін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ, түрлі компаниялар қамтамасыз ететін бұлтта сақтау орындарында
сақтық көшірмені жасауға болады. Оларға ақы төлеп, сақтық көшірмеңізді сақтай аласыз. Бұлт
сақтық көшірмелерді сыртта және қауіпсіз сақтау орны болғандықтан, бұл қызметті пайдалануға
кеңес беріледі.
Деректік файлдарды қалпына келтіру
Deja Dup Restore құралы деректік файлдарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл әрекетті орындауға кіріспес бұрын іске қосатын компьютердің айнымалы ток
қуатына жалғанғанын тексеріңіз.
Деректеріңізді файлдардың сақтық көшірмесінен қалпына келтіру:
1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін
басыңыз, одан кейін Настройки системы (Жүйе параметрлері) > Архивация (Сақтық
көшірме) белгішесін басыңыз.
2. Восстановление (Қалпына келтіру) опциясын таңдап, сақтық көшірме файлдарының
орналасуы мен қалтаның атын таңдаңыз
, одан кейін Вперед (Алға) түймешігін басыңыз.
3. Восстановление с этого дня (Келесі күннен бастап қалпына келтіру) аймағында қалпына
келтірілетін файлдар күнін таңдаңыз, одан кейін Вперед (Алға) түймешігін басыңыз.
4. Файлдарды сақтау орны мен қалтасын таңдаңыз және Вперед (Алға) түймешігін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
6. Файлдарды қалпына келтіруді бастау үшін Восстановление (Қалпына келтіру) түймешігін
немесе әрекетті болдырмау үшін
Отмена (Болдырмау) түймешігін басыңыз.
52
10-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру