The first work is Windows 7
аКомпьютерді сапарға алып шығу
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір
кеңестерін осы жерден табасыз.
●
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
◦ Компьютерден сандық сақтау карталары сияқты барлық жад карталары мен
дискілерді шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютерге, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін
азайту үшін, дискімен тасымалдау, сақтау немесе сапарға шығу алдында, медианы
диск жетегінен алып тастаңыз.
◦
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармас бұрын, дискіден кез келген драйверді
алып тастаңыз.
ЕСКЕРТУ: Бұл əрекетті дискіні тасымалдау, сақтау немесе онымен сапарға шығу
алдында, осы əрекетті орындаңыз. Бұл компьютердiң немесе дискінің бұзылу, дискіге
зақым келу немесе мəлiмет жоғалу қаупін төмендетеді.
◦
Компьютерді сөндіріңіз.
● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
компьютерден бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен саяхат жасаған кезде, компьютерді қол жүгі ретінде тіркеңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік
өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы
конвейерлік жолдар жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына
рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
●
Ұшу кезінде компьютерді қолдануды жоспарласаңыз, компьютерді пайдаланатын уақытты
ұшу алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Əуе сапары кезінде компьютер
қолдануға рұқсат беру əуе компаниясының құзырында.
●
Егер компьютер қолданылмайтын болса жəне сыртқы қуатқа 2 аптадан артық
жалғанбайтын болса, пайдаланушымен ауыстырылатын батареяны шығарып алып, оны
бөлек сақтаңыз.
97