The first work is Windows 7
1 Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты
Желіге қосылу 16-бетте бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерге алдын ала орнатылады жəне
онда тегін жаңартулар үшін шектеулі жазылым болады. Қосымша ақпарат алу үшін
HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану туралы
нұсқауларды
Ақпаратты табу 2-бетте бөлімінен қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін,
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта, сенсорлы
тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау 20-бетте бөлімдерін
қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қарау үшін қолданылады. Пуск (Бастау) > Все
программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін
бағдарламалық құралды пайдалану туралы толық ақпаратты бағдарламалық құралдың
өндірушісі берген нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге
берілуі немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
● Қалпына
келтіру дискілерін жасау арқылы катты дисктің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру 76-бетте бөлімін қараңыз
1