The first work is Windows 7
Мына мүмкіндіктер жаңа Интернет есептік жазбасын орнатуға немесе компьютерді бұрыннан
бар есептік жазбаны пайдаланатындай етіп реттеуге көмектеседі:
●
Интернет қызметтері жəне ұсыныстар (кейбір жерлерде қол жетімді) — бұл мүмкіндік
арқылы жаңа Интернет жазбасын орнатуға жəне бар жазбаны пайдалану үшін
компьютерді реттеуге болады. Бұл утилитаны пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Все
программы (Барлық бағдарламалар) >
Общение и чат (Байланысу жəне чат)
тармақтарын таңдаңыз.
●
Интернет провайдері беретін белгішелер (кейбір жерлерде бар) — бұл белгішелер
Windows жұмыс үстелінде көрсетілуі немесе Online Services (Желідегі қызметтер) атты
жұмыс үстелі қалтасында топталуы мүмкін. Жаңа Интернет есептік жазбасын жасау жəне
компьютерді бар есептік жазбаны пайдаланатындай етіп реттеу үшін, белгішені екі рет
түртіп, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
●
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шебері — Windows жүйесінің Интернетке қосылу
шеберін Интернетке төмендегі жағдайлардың кез келгенінде қосылу үшін пайдалануға
болады:
◦
Интернет қызметі провайдері тіркеген есептік жазбаңыз бар болған жағдайда.
◦
Интернет есептік жазбасы болмай, Интернет қызметінің провайдерін шебердегі
тізімнен таңдау керек болған жағдайда. (Интернет қызметі провайдерлерінің тізімі
барлық аймақтарда көрсетілмеуі мүмкін).
◦
Тізімде жоқ
интернет қызметінің провайдері таңдалған жағдайда жəне таңдалған
интернет қызметінің провайдері сізге IP мекенжайы, сондай-ақ POP3 жəне SMTP
параметрлері сияқты арнайы ақпарат берген жағдайда.
Windows Интернетке қосылу шебері мен шеберді пайдалануға арналған нұсқауларды ашу
үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі
жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим
доступом (Желілер мен ортақ
пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Шебер Windows желіаралық қалқанының қосылуын немесе ажыратылуын
таңдауды сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
●
HP Мобильді кең ауқымды модулі, сымсыз аймақтық желі (WWAN) құрылғысы
Сымсыз технология жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін
HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын, əрі «Справка и поддержка» (Анықтама
жəне
қолдау) орталығында берілген ақпарат пен веб-торап сілтемелерін қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
Сымсыз желіге қосылу 17