The first work is Windows 7
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның
қимылдары жəне меңзегіш
құрылғылар арқылы шарлау
Пернетақтаны пайдалану
Жылдам пернелерді анықтау
Пернелер тіркесімі — fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің
біреуінің тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲ fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Ұйқы режимінде тұрған компьютердің батарея заряды өте төмен деңгейге жетсе,
компьютер күту режиміне
өтеді, ал жүйелік жадтағы ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f3 жылдам пернесінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, fn+f3 жылдам пернесімен
ұйқы күйін емес, күту күйін қосатын етіп реттеуге болады. Барлық Windows амалдық жүйе
терезелерінде ұйқы түймешігіне сілтемелер fn+f3 жылдам пернесіне қатысты болады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат алатын
басқа құрылғылардағы
бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
fn + f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
20 Бап 4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау