The first work is Windows 7

Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгейін мыналарды пайдаланып реттеуге
болады:
Дыбыс деңгейі түймешіктері
Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын
арнайы пернелер)
Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік
ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз.
Пайдаланушы нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) > User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Құлақаспаптарды жəне микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды жəне гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)
ұясына/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар
сатылады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша
қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан
қараңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук
(Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
2. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз. Program
Events (Бағдарламалық оқиғалар) ішінде сигнал немесе дабыл сияқты кез келген дыбыс
оқиғасын таңдап, Test
(Сынау) түймешігін басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
28 Бап 5 Мультимедиа