The first work is Windows 7
▲
VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына
қосыңыз.
DisplayPort
DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек
немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық
құралдарына жалғайды. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі
жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын DisplayPort арқылы жіберу үшін,
DisplayPort кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің DisplayPort портына бір ғана DisplayPort құрылғысын жалғауға
болады. Компьютер экранындағы ақпарат бір мезгілде DisplayPort құрылғысында да
көрсетіледі.
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты
өндіруші нұсқауларынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқышты босату
түймешігін басыңыз.
30 Бап 5 Мультимедиа