The first work is Windows 7
6 Қуатты басқару
ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі
термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді.
Компьютерді өшіру
ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады.
Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей
мен компьютерді өшіреді.
Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса компьютерді өшіріңіз:
●
Батареяны ауыстыру немесе компьютердің ішіндегі бөліктерге қол жеткізу қажет болғанда
●
Əмбебап тізбекті шина (USB) портына жалғанбаған сыртқы ақпараттық құралға қосылғанда
●
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса жəне сыртқы қуат көзінен
ажыратылған кезде
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows
өшіру пəрменін қолдану болып табылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, қуат
түймешігін басып қалу арқылы ұйқы немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Завершение работы (Жұмысты аяқтау) тармағын таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедурасын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
●
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басыңыз. Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, одан
кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау)
параметрін таңдаңыз.
●
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
● Пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар үлгілердегі компьютерден батареяны
шығарыңыз.
Компьютерді өшіру 31