The first work is Windows 7

Intel Smart Connect технологиясы арқылы
бағдарламалық құралдың мазмұнын жаңарту
Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқы
күйін тұрақты түрде өшіріп тұрады. Желі қосылысы бар болса, Smart Connect құралы
электрондық пошта жəшіктері, əлеуметтік веб-тораптар жəне жаңалықтар беттері сияқты ашық
болған бағдарламаларды жаңартады, одан кейін компьютерде ұйқы күйі қосылады. Smart
Connect арқылы электрондық пошта хабарламалары сияқты дербес жасалған мазмұн да
қадамдастырылады. Компьютерде ұйқы күйі өшірілгеннен
кейін, жаңартылған ақпаратты дереу
пайдалануға болады.
Бұл мүмкіндікті қосу немесе параметрлерді қолмен реттеу үшін, Пуск (Бастау) экранында
smart деп жазып, Intel(R) Smart Connect Technology тармағын таңдаңыз.
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Ұйқылық күй зауытта іске қосылады.
Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа
сақталады.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды
немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға
болады:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Дисплейді жабыңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Сон (Ұйқы) белгішесін басыңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Егер экран сөніп тұрса, оны
қосыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түрту немесе саусақты жылжыту.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
32 Бап 6 Қуатты басқару