The first work is Windows 7

4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи
пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын
таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия
сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Батарея қуатын пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен
бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс
атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады. Компьютер айнымалы
ток қуатына қосылған болса да, батареяны компьютерде сақтау батареяны зарядтайды жəне
де қуат берілмей қалған жағдайда жұмысты
қорғайды. Компьютерде зарядталған батарея
болса жəне сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері
ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда, компьютер батарея
қуатын автоматты түрде қосады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы
батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
Анықтама жəне қолдау орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар:
Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару жəне дұрыс
күтім мен сақтау туралы ақпарат
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
Пуск
(Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Обучение (Үйрену) >
Часто задаваемые вопросы в схемах управления питанием (Қуат жоспарлары: жиі
қойылатын сұрақтар) тармақтарын таңдаңыз.
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
Анықтама жəне қолдау орталығында компьютерде орнатылған батарея күйі туралы ақпарат
беріледі.
34 Бап 6 Қуатты басқару