The first work is Windows 7

2. Батареяны босатуға арналған екі ысырманы ашылған позицияға (1) жылжытыңыз.
Ысырмалардың астынан қызыл түсті көресіз. Мата құлақшадан ұстап батареяны жоғары
қарай жылжытып (2), ұясынан шығарып алыңыз (3).
Батарея қуатын үнемдеу
Windows жүйесінің Панель управления (Басқару тақтасындағы) Параметры
электропитания (Қуат параметрлерін) параметрі арқылы төмен қуат деңгейін пайдалану
параметрлерін таңдаңыз.
Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем
бағдарламаларынан шығыңыз.
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған жад карталарын
ажыратыңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Экран жарықтығын азайтыңыз.
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
38 Бап 6 Қуатты басқару