The first work is Windows 7
Сандық картаны шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Ақпаратты сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан жабдықты шығару белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
Смарт карталарды қолдану
ЕСКЕРІМ: Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі
түрін білдіреді.
Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі
қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті жəне шығысты
басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын
қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. Өндірісте қолданылатын смарт карталар оқу құралдарымен (тек
таңдаулы үлгілерде) бірге пайдаланылады.
PIN коды микрочип мазмұнына кіру рұқсатын алуға керек. Смарт-
картаның қауіпсіздік
мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама жəне қолдау орталығына
кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрмендерін
таңдаңыз.
42 Бап 7 Сыртқы карталар мен құрылғылар