The first work is Windows 7
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз.
▲
Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық
болуы мүмкін.
Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі.
ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер
құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
USB құрылғысын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін USB құрылғысын шығарып алған
кезде оны сымынан тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Деректер жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. USB құрылғысын шығарып алу үшін, ақпаратты жауып, құрылғымен байланысты барлық
бағдарламаларды жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы жабдықты шығару белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. Құрылғыны шығарып алыңыз.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе
компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін:
44 Бап 7 Сыртқы карталар мен құрылғылар