The first work is Windows 7
Қатты дискілерді пайдалану
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды
сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
Батарея, жад модулі ұясы, қатты диск пен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсету үшін
ашатын есікті алыңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, қызмет көрсету үшін ашатын есікті босату ысырмасын құлып алу
позициясына (1) сырғытыңыз жəне (қосымша бұранда қолданылса) бұранданы алыңыз (2)
немесе бұранда қолданылмаса, босату ысырмасын оң жаққа жылжытыңыз (3).
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет
көрсету үшін ашатын есіктің астында сақталады.
2. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті компьютердің алдыңғы жағына қарай сырғытып (4), оны
шешіңіз (5).
Қатты дискілерді пайдалану 47