The first work is Windows 7

2. Қатты дискті бекіту үшін оның 4 бұрандасын (2) орнына салыңыз.
3. Батареяның өзін (Батареяны салу жəне шығарып алу 36-бетте бөлімін қараңыз) жəне
қызмет көрсету үшін ашатын есікті (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта
қою 47-бетте бөлімін қараңыз) орнына салыңыз.
4. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған
қайта қосыңыз.
5. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан,
қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын
баяулатады. Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін, Disk Defragmenter (Диск
дефрагментаторы) құралы қатты дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта
біріктіреді (немесе физикалық түрде
қайта орналастырады).
ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады.
Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне жəне фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk
Defragmenter құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін.
50 Бап 8 Дискілер