The first work is Windows 7

9 Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows
жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі
қауіптерден қорғауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізді жөндеуге жібермес бұрын, барлық құпия файлдардың көшірмесін
жасап алып, өшіріңіз жəне барлық құпия сөздерді алып тастаңыз.
ЕСКЕРІМ: Осы тарауда сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз Computrace құралын қолдайды, бұл онлайн қауіпсіздікке негізделетін
қадағалау жəне қалпына келтіру қызметі кейбір аймақтарда қолжетімді болады. Егер
компьютер ұрланған болса, рұқсаты жоқ пайдаланушы Интернетке кіргенде Computrace құралы
компьютердің ізін қадағалай алады. Computrace құралын пайдалану үшін, бағдарламалық
құралды сатып алып, қызметке жазылуыңыз тиіс. Computrace бағдарламалық құралына
тапсырыс беру туралы ақпарат алу үшін,
http://hp-pt.absolute.com НР веб-торабына өтіңіз.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану HP Client Security бағдарламалық құралы құпия сөз,
смарт карта, контактісіз карта, тіркелген бет суреттері,
тіркелген саусақ ізі мен басқа аутентификациялық
деректермен бірге қолданылғанда.
Computer Setup қызметіне рұқсатсыз кіру (f10) Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі*
Қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіру Computer Setup құралында қолданылатын DriveLock
құпия сөзі немесе автоматты DriveLock құпия сөзі*
Қосымша сыртқы оптикалық дисктен (
тек таңдаулы
үлгілерде), қосымша сыртқы қатты дисктен (тек таңдаулы
үлгілерде) немесе ішкі желілік адаптерден рұқсатсыз
бастау
Computer Setup қызметіндегі жүктеу параметрлерінің
мүмкіндігі*
Пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз
пайдалану
Windows пайдаланушы құпия сөзі
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану
HP Drive Encryption бағдарламалық құралы
Windows қорғаушысы
Computer Setup параметрлеріне жəне жүйенің басқа
идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі*
Компьютерді қорғау 53