The first work is Windows 7

Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен
бірге пайдаланылады)
*Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына
негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін,
көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа
кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін.
Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows
жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында
орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Автоматты DriveLock құпия сөздері Computer Setup утилитасында
қосылады.
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
Егер HP SpareKey параметрлері бұрын орнатылған болса жəне Computer Setup
бағдарламасында орнатылған BIOS əкімшісінің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, утилитаға
кіру үшін HP SpareKey құралын пайдаланыңыз.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін ұмытсаңыз жəне DriveLock басты құпия сөзі Computer
Setup қызметінде орнатылған болса, құпия сөздермен қорғалған қатты диск құлыпталып,
қолданысқа жарамай қалады.
Computer Setup жəне Windows қауіпсіздік мүмкіндіктері
үшін бір құпия сөзді пайдалануға
болады. Бірнеше Computer Setup мүмкіндігіне де бір құпия сөзді қолдануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін келесі кеңестерді орындаңыз.
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз.
Бірнеше бағдарламалар немесе веб-тораптар үшін бір құпия сөзді пайдаланбаңыз жəне
кез келген басқа бағдарлама немесе веб-торап үшін Windows
құпия сөзін қайта
пайдаланбаңыз.
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия сөздер реттегіші) құралын
веб-тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыздың барлығы үшін пайдаланушы аттары мен
құпия сөздерін сақтау мақсатымен пайдаланыңыз. Егер оларды болашақта ұмытып
қалсаңыз, оларды қауіпсіз түрде оқи аласыз.
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтауға болмайды.
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі жəне
олардың функцияларының сипаттамасы
берілген.
54 Бап 9 Қауіпсіздік