The first work is Windows 7

Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды.
ЕСКЕРІМ: Егер BIOS əкімшісінің құпия сөзін жоюды
болдырмау үшін мүмкіндіктер қосылған болса, олар
өшірілгенше құпия сөзді жою мүмкін емес.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні
рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою
үшін де қолданылады. Бұл құпия сөз қосу үрдісі
барысында DriveLock Passwords параметрінде
орнатылады.
ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия
сөзін орнатпас бұрын, BIOS
əкімшісінің құпия сөзін орнату қажет.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні
рұқсатсыз кіруден қорғайды жəне қосу үрдісі барысында
DriveLock Passwords парaметрінде орнатылады.
ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын, BIOS
əкімшісінің құпия сөзін орнату қажет.
*Осы құпия сөздердің əрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару
Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS əкімші құпия сөзін орнату
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен
Security (Қауіпсіздік) >
Setup BIOS Administrator Рassword (BIOS əкімші құпия сөзін орнату) тармақтарын
таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Нұсқау берілгенде, құпия сөзді теріңіз.
5. Нұсқау берілгенде, жаңа құпия сөзді растау үшін қайта теріңіз.
6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit
(Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
56 Бап 9 Қауіпсіздік