The first work is Windows 7
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.
4. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті (
Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу немесе қайта
қою 67-бетте бөлімін қараңыз) жəне батареяның өзін (Батареяны салу жəне шығарып
алу 65-бетте бөлімін қараңыз) алып тастаңыз.
5. Қатты диск есігіндегі 4 бұранданы (1) бұрап босатыңыз. Қатты диск құлақшасын жоғары
қарай тартып (2), оны алыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 69