The first work is Windows 7

HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру
дискісін жасау
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізде ішкі оптикалық диск болмауы мүмкін. Қалпына келтіру DVD
дискісін жасау үшін, сыртқы оптикалық дискті жалғау қажет.
HP Recovery Disc Creator — қалпына келтіру дискісін жасаудың салыстырмалы жолын
ұсынатын бағдарламалық құрал бағдарламасы. Компьютерді сəтті орнатып болған соң, HP
Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін жасай аласыз. Бұл қалпына келтіру
дискісі қатты диск зақымдалса жүйені қалпына келтіруді орындайды. Жүйені қалпына келтіру
дискісі бастапқы жүйені жəне зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламаларын
қайта орнатады, одан кейін бағдарламалар параметрлерін теңшейді.
HP Recovery Disc Creator
бағдарламасы қалпына келтіру DVD дискілерінің екі түрін
төмендегідей жасайды:
Windows амалдық жүйесі бар DVD дискісінен қосымша драйверлер немесе
бағдарламаларды орнатпай амалдық жүйе орнатылады. Бұл параметрді таңдау бастапқы
амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламаларын
қалпына келтіретін DVD дискісін жасайды.
Драйверлер DVD дискісідəл HP Software Setup қызметтік бағдарламасы драйверлер
мен қолданбаларды орнатқандай, тек белгілі бір драйверлер мен қолданбаларды
орнатады.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
ЕСКЕРІМ: Амалдық жүйені қалпына келтіру құралы тек бір рет жасалады. Сондықтан, сол
құралды жасау параметрі қол жетімді болмайды.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Security and Protection
(Қауіпсіздік жəне қорғаныс) > HP Recovery Disc Creator (HP қалпына келтіру дискісін
жасағыш) тармақтарын таңдаңыз.
2. Driver DVD (Драйвер DVD дискісі) немесе Windows DVD (Windows DVD дискісі)
параметрін таңдаңыз.
3. Ашылмалы мəзірден қалпына келтіру құралын жазу үшін дискіні таңдаңыз.
4. Жазу процесін бастау үшін Жазу түймешігін басыңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, HP Recovery Disc Creator
көмегімен жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) орнатылған оптикалық дискіні (тек
таңдаулы үлгілерде) не қосымша сыртқы оптикалық дискіні пайдаланып жасап, жүйенің сақтық
көшірмесін жасауыңыз керек. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін
ең соңғы
сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде
жасауды жалғастыру қажет. Жүйені жөндеу дискілері (тек таңдаулы үлгілерде) компьютерді іске
қосуға жəне жүйе тұрақсыз болған немесе істемей қалған жағдайда амалдық жүйені жөндеуге
қолданылады. Алғашқы жəне кейінгі сақтық көшірмелеріңіз проблема туындағанда деректерді
қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін жасау
77