The first work is Windows 7

Қосымша сыртқы қатты дискіге, желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық
көшірмесін жасауыңызға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран
суретін
жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
Сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына диск түрлерін (бөлек сатылады)
пайдаланыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW.
Пайдаланылатын дискілер қолданыстағы оптикалық диск түріне байланысты болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізде ішкі оптикалық диск болмауы мүмкін. Сақтық көшірмесі бар
дисктерді жасау үшін, сыртқы оптикалық дискті жалғау қажет.
ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілеріне
көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме жасау кезінде, қажетті қалпына келтіру
дискілер санын азайтады.
Дискілердің сақтық көшірмесін жасау кезінде əрбір дискіні сыртқы диск жетегіне салмастан
бұрын нөмірлеңіз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін
:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу
жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Архивация и восстановление (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Экрандық нұсқауларды орындап сақтық көшірме параметрлерін орнатыңыз, жүйе бейнесін
жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені жөндеу дискісін жасаңыз (тек таңдаулы
үлгілерде).
78 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру