The first work is Windows 7

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты
қалпына келтіруге болады. Windows жүктеу кезіндегі қалпына келтіру құралының көмегімен
Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады.
f11
қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі жəне
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып
компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу
үшін
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 81-бетте
бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізде ішкі оптикалық диск болмауы мүмкін. Амалдық жүйесі бар DVD
дискісін пайдалану үшін, сыртқы оптикалық дискті жалғау қажет.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Архивация и восстановление (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындап жүйе параметрлерін, компьютеріңізді (тек таңдаулы
үлгілерде) немесе файлдарыңызды қалпына келтіріңіз.
Жүктеу кезінде қалпына келтіру құралының көмегімен ақпаратты
қалпына келтіру үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 79