The first work is Windows 7

ЕСКЕРТУ: Startup Repair пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен өшіреді əрі қатты диск
жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген
бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру
процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, Windows бөлімінің жəне HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз.
Windows жүйесі бөлімінің бар екенін тексеру үшін, Пуск (Бастау) > Компьютер пəрменін
таңдаңыз.
HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып,
Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление (Басқару)
пəрменін, одан
кейін Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP Recovery бөлімі ажыратылған болса, f11 қалпына келтіру параметрі жұмыс
істемейді. Windows бөлімі мен HP Recovery бөлімі тізімде берілмесе, амалдық жүйе мен
бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісімен жəне Driver Recovery
дискісімен (екеуі де бөлек сатып алынады) қалпына келтіруіңіз керек. Қосымша ақпарат
алу үшін
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
81-бетте бөлімін қараңыз.
3. Windows бөлімі жəне HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз
да, Windows амалдық жүйесі жүктелгенше f8 пернесін басыңыз.
4. Startup Repair (Басталғанда қалпына келтіру) пəрменін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін, Справка и Поддержка (Анықтама жəне қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану қатты диск мазмұнын толығымен
өшіріп, қатты дискіні қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған
кез-келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта
орнатылған амалдық жүйені жəне НР бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады.
Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек болады.
80 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру