The first work is Windows 7
Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление
(Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP Recovery бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен
бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін жəне «Драйверді қалпына
келтіру» дискісін пайдалану арқылы (екеуі бөлек сатылады) қалпына келтіруіңіз тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану 81-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізде ішкі оптикалық диск болмауы мүмкін. Амалдық жүйесі бар
DVD дискісін пайдалану үшін, сыртқы оптикалық дискті жалғау қажет.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз жəне
экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, HP веб-торабына өтіңіз. АҚШ-
та қолдау алу үшін,
http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз.
Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін,
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html
веб-торабын қараңыз. Сондай-ақ, қолдау көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы DVD
дискісіне тапсырыс бере аласыз. Байланыс ақпаратын алу үшін компьютермен бірге жіберілген
Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану қатты диск ішіндегісін
толығымен өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен
компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта
пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді іске қосу үшін:
ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізде ішкі оптикалық диск болмауы мүмкін. Амалдық жүйесі бар DVD
дискісін пайдалану үшін, сыртқы оптикалық дискті жалғау қажет.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін
Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз.
3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 81