The first work is Windows 7

12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot
жəне HP PC Hardware Diagnostics
(UEFI)
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде өзгерістер жасағанда, ерекше назар аудару керек.
Қателер компьютердің дұрыс жұмыс істемеуіне əкелуі мүмкін.
Computer Setup қызметін бастау
ЕСКЕРІМ: USB портына жалғанған сыртқы пернетақта немесе тінтуірді Computer Setup
құралымен тек USB функциясын қолдау қосылып тұрған жағдайда қолдануға болады.
Computer Setup қызметін бастау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup пайдалану 83