The first work is Windows 7
Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау
Computer Setupқызметінде шарлау жəне таңдау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін көрсеткі құрылғысын
(TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға
болады.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
●
Мəзірді немесе мəзір пəрменін таңдау үшін, tab пернесін жəне пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пəрменді
таңдау үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
●
Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не
төмен көрсеткілерді нұқыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не
төмен көрсеткі
пернелерін басыңыз.
●
Ашық тілқатысу терезелерін жауып, негізгі Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз:
●
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
tab пернесінің жəне көрсеткі
пернелердің көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and Exit
(Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
●
Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit
(Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру
ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
84 Бап 12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)