Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Intel жəне Centrino – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері. AMD Advanced Micro Devices корпорациясының сауда белгісі. SD логосы - осы меншік иесінің сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШ-тағы сауда белгісі. Microsoft жəне Windows – Microsoft Corporation корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарғы жағы ......................
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау ....... 22 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ............................................................................................... 22 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................ 22 Меңзеу таяқшасын қолдану ............................................................................................ 22 Сенсорлы тақтаны қолдану ..................................
Қуат параметрлерін орнату ............................................................................................................. 39 Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану .............................................................................. 39 Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу .............................................................. 39 Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу ................ 40 Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану ..............................
Қызмет көрсету үшін ашатын есікті шешу ..................................................... 54 Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу ......................................... 55 Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ....................................................................... 56 Қатты дискіні шығарып алу ............................................................................. 56 Қатты дискіні орнату ....................................................................................
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау ................................................. 77 Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту ................................................................................... 78 SoftPaq Download Manager құралын пайдалану ............................................................................ 78 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру ..................................................................................... 79 Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау .
Жұмыс ортасы .................................................................................................................................. 97 Қосымша а Компьютерді сапарға алып шығу .......................................................................................... 98 Қосымша ə Ақаулықтарды жою ................................................................................................................ 100 Ақаулықтарды жою көздері ..............................................................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows 8 Негіздері нұсқаулығын оқыңыз. КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows түймешігін басыңыз. Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек Windows 8 Basics (Windows 8 Негіздері) нұсқаулығы Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Гарантия и сервисы (Кепілдік жəне қызметтер) пəрмендерін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзегіш құрылғы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (4) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Микрофон дыбысын өшіру шамы Қосулы: Микрофон дыбысы өшірулі. (4) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы. (5) Сымсыз байланыс шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы сияқты ішіне орнатылған сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық пернемен, num lk, esc пернесімен немесе басқа пернелермен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Қосымша ақпаратты Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау 22-бетте бөлімінен қараңыз. (3) Windows логотипі пернесі Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді.
Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Сымсыз байланыс шамы Сымсыз байланыс қосылысы қосулы. (2) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған. ● Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Желдеткіштер, 2 Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. ЕСКЕРІМ: WLAN орнату жəне Интернетке қосылу үшін, Интернет провайдерінен сатып алынатын кең жолақты модем (DSL немесе кабельдік) (бөлек сатып алынады) мен жоғары жылдамдықты Интернет қызметі жəне сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатып алынады) қажет болады.
Бөлік (6) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді, ал дисплей қуат қосылып тұрғанда жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертулерді еліңізге немесе аймағыңызға қатысты қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қызмет көрсету үшін ашатын есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN жəне жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Бөлік Сипаттама (2) Қызмет көрсету үшін ашатын есікті босату құлпы Компьютерден қызмет көрсету үшін ашатын есікті босатады. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті кездейсоқ алмау үшін қауіпсіздік бұрандасы беріледі. (3) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға болады: ● Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі (осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады) ● Амалдық жүйе басқару элементтері Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз жол жоспарлағышы жəне сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде қолданылады. ● Корпоративтік немесе жалпы WLAN желісі сияқты кең ауқымды WLAN жүйесі əдетте, көптеген компьютерлер мен қосалқы құралдарды қамтамасыз етіп, критикалық желі функцияларын бөле алатын, сымсыз кіру нүктелерін пайдаланады.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады.
Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. Компьютермен бірге жеткізілген Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз.
Қимылдарды ажырату немесе қосу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 1. Бастау экранында мышь (тінтуір) деп теріп, Параметры (Параметрлер) пəрменін басып, бағдарламалар тізімінен Мышь (Тінтуір) тармағын таңдаңыз. 2. Параметры устройства (Құрылғы параметрлері) қойындысын басып, көрсетілген терезеде құрылғыны таңдаңыз да, Параметры (Параметрлер) түймешігін басыңыз. 3. Өшірілетін немесе қосылатын қимылдың жанына құсбелгі қойыңыз. 4. Применить (Қолдану) пəрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Шымшу/масштабтау Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
Үстіңгі жиекті сипау Үстіңгі жиекті сипау қимылы бастау экранында қол жетімді бағдарламаларды ашуға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады. ● Қол жетімді бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен сырғытыңыз. Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз.
Жақында ашылған қолданбалар арасында қозғалу үшін саусағыңызбен сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен сипап өтіңіз. ● 28 Бағдарламалар арасында ауысу үшін сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен саусағыңызды сырғытыңыз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Пернелер тіркесімі Сипаттама fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз. ЕСКЕРІМ: Ұйқы режимінде тұрған компьютердің батарея заряды өте төмен деңгейге жетсе, компьютер күту режиміне өтеді, ал жүйелік жадтағы ақпарат қатты дискіге сақталады.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану (1) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (2) Енгізілген сандық пернетақта Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне өшіру Енгізілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Енгізілген сандық пернетақтаны өшіру үшін fn+num lk пернелерін қайта басыңыз. ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта компьютерге жалғанғанда, енгізілген сандық пернетақта өшеді.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам
Дыбыс деңгейін реттеу Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге болады: ● Дыбыс деңгейі түймешіктері ● Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер) ● Дыбыс деңгейі пернелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранында з əрпін жазыңыз, одан кейін Запись звука (Дыбыс жазу) пəрменін таңдаңыз. 2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды Windows жұмыс үстеліне сақтаңыз. 3. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз да, жазылған файлды ойнатыңыз. Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін 1.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі. ▲ VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына қосыңыз. DisplayPort DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды.
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін 1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты өндіруші нұсқауларынан қараңыз. ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқыш ілгекті босатуға арналған түймені басыңыз. Intel сымсыз дисплейі (тек таңдаулы үлгілерде) Intel® сымсыз дисплейі компьютердегі мазмұнды теледидарда сымсыз бөлісу мүмкіндігін береді.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Intel Smart Connect технологиясы арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаңарту Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқы күйін тұрақты түрде өшіріп тұрады. Желі қосылысы қолжетімді болса, Smart Connect құралы электрондық поштаның кіріс жəшіктері, əлеуметтік желі сайттары мен жаңалықтар беттері сияқты ашық тұрған қолданбаларды жаңартады жəне компьютерде ұйқы күйі қосылады.
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз. 1. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Настройки (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз. 3.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін: 1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз. ЕСКЕРІМ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат көзіне жалғануы тиіс. 2. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
– немесе – ● Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткішінің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді. ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану 40-бетте бөлімін қараңыз. Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа қосылады да, компьютер өшіріледі. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
2. Батареяны орнына бекіту үшін батареяның босату ысырмасын жылжытыңыз (2). Батареяны шығарып алу Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1. 44 Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу немесе қайта қою 54-бетте бөлімін қараңыз.
2. Батареяны босатуға арналған екі ысырманы құлып алу позициясына (1) жылжытыңыз. Ысырмалардың астынан қызыл түсті көресіз. Мата құлақшадан ұстап батареяны жоғары қарай жылжытып (2), ұясынан шығарып алыңыз (3). Батарея қуатын үнемдеу ● Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Настройки (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. ● Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Компьютерді сыртқы айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Батарея зарядтала бастайды. ● Компьютер қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіш белгішесінің түрі өзгереді. Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Жад картасын оқу құралын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Жад картасын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында жад картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Мəліметтеріңізді сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан жабдықты шығару белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
Смарт-картаны салу 1. Картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары қаратып, картаны ақырындап смарт-картаны оқу құрылғысына орныққанша сырғытыңыз. 2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Смарт-картаны шығарып алу ▲ Смарт-картаның шетін қысып, оны смарт-карталарды оқу құрылғысынан суырып алыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2. Егер қуатты құрылғыны жалғаған болсаңыз, оның қуат сымын жерге қосылған ток көзіне қосыңыз. 3. Құрылғыны қосыңыз. Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны компьютерден ажыратыңыз.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы конвейерлік жолдар жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді. Қатты дискілерді пайдалану ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
2. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті компьютердің алдыңғы жағына қарай сырғытып (4), оны шешіңіз (5). Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу Батарея, жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына орналастырыңыз. 1. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті компьютердің алдыңғы шетіне жақын туралау үшін, қызмет көрсету үшін ашатын есікті төмен еңкейтіңіз (1). 2.
3. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсету үшін ашатын есікті босату ысырмасын оңға қарай сырғытыңыз (3) жəне таңдасаңыз, қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына бекіту үшін, қосымша бұранданы салып, қатайтыңыз (4). Қызмет көрсету үшін ашатын есікті құлыптау үшін, босату ысырмасын солға қарай ысырыңыз (5). ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет көрсету үшін ашатын есіктің астында сақталады.
4. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу немесе қайта қою 54-бетте бөлімін қараңыз) жəне батареяның өзін (Батареяны салу жəне шығарып алу 43-бетте бөлімін қараңыз) алып тастаңыз. 5. Қатты диск есігіндегі 4 бұранданы (1) бұрап босатыңыз. Қатты дисктің мата тілін (2) тартып, қатты дискті шығарып алыңыз. Қатты дискіні орнату ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Қатты дискіні орнату үшін: 1.
2. Қатты дискті бекіту үшін оның 4 бұрандасын (2) орнына салыңыз. 3. Батареяның өзін (Батареяны салу жəне шығарып алу 43-бетте бөлімін қараңыз) жəне қызмет көрсету үшін ашатын есікті (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу немесе қайта қою 54-бетте бөлімін қараңыз) орнына салыңыз. 4. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта қосыңыз. 5. Компьютерді қосыңыз. Жадты қосу немесе ауыстыру Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютердің екі жад модулі ұясы бар.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. 1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2.
6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а. Жад модулінің ойықтары бар шетін жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз (1). ə. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад модулін ұстай отырып, модульді (2) жад модулінің ұясына отырғанша басыңыз. б.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді. ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету қажет емес. Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей береді.
үшін түсті өзгертеді.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану ● HP драйвын шифрлау бағдарламасы ● Windows қорғағышы Computer Setup параметрлеріне жəне жүйенің басқа идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі* Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен бірге пайдаланылады) *Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына негізделген C
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі жəне олардың функцияларының сипаттамасы берілген. Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет Əкімші құпия сөзі* Windows əкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны қорғайды. ЕСКЕРІМ: Windows əкімші құпиясөзін тағайындау BIOS əкімші құпиясөзін тағайындамайды. Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Setup BIOS Administrator Рassword (BIOS əкімші құпия сөзін орнату) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4. Нұсқау берілгенде, құпия сөзді теріңіз. 5. Нұсқау берілгенде, жаңа құпия сөзді растау үшін қайта теріңіз. 6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз. 7. Жаңа құпия сөз қайта сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз. 8. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
7. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Disable protection (Қорғанысты ажырату) пəрменін таңдаңыз. 8. Басты құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз. 9. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Автоматты DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір сенсор: ● Пернетақтаның оң жағында Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап етеді. Компьютердегі оқығышты табу үшін Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу немесе қайта қою 54-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 43-бетте қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10.
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Келесі тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз: Спирт, ацетон, аммоний хлорид, матилен хлорид жəне гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар. Олар компьютер бетін түбегейлі зақымдайды. Компьютерді сызаттауы мүмкін қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар. Уақыт өткенде, кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру утилиталары көмегімен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск немесе желілік дискіге сақтауға болады. Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз. ● Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. ● Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран суретін жасау арқылы сақтаңыз.
Автоматты түрде жөндеу көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына қадамдарды орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Кейбір автоматты түрде жөндеу опциялары қатты дискіні мүлдем жойып, қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді. 1.
Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін: 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Бастау экранында К əрпін жазып, одан кейін Компьютер пəрменін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Бейнені қалпына келтіру бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен бағдарламаларды Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін мен Драйверді қалпына келтіру дискісін (екеуі де бөлек сатылады) пайдаланып қалпына келтіру керек болады.
Орнату үрдісі аяқталғаннан кейін: 1. Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін шығарып, «Драйверді қалпына келтіру» дискісін шығарып алыңыз. 2. Алдымен Аппараттық құралды қосу драйверлерін, одан кейін ұсынылған бағдарламаларды орнатыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл мүмкіндік арқылы мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесі жасалмайды. Бұл мүмкіндікті пайдаланбас бұрын, сақтағыңыз келетін кез келген жеке мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз. Бұл мүмкіндікті f11 пернесін басу арқылы немесе бастау экранында іске қоса аласыз. f11 пернесін пайдалану үшін 1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз. – немесе – Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. 2. Тіліңізді таңдаңыз. 3. Пернетақта жаймасын таңдаңыз. 4.
12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау Computer Setupқызметінде шарлау жəне таңдау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
Computer Setup қызметіндегі барлық параметрлерді зауытта орнатылған мəнге қайтару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
BIOS жүйесін жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен ақылдасыңыз. 4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз: а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз. Бұл ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін. ə.
esc пернесін басыңыз, одан кейін f9 пернесін басыңыз. f9 пернесі басылғанда, ағымдағы жүктеу құрылғыларды көрсететін мəзір ашылады жəне жүктеу құрылғысын таңдауға мүмкіндік беріледі. Немесе MultiBoot Express құралын компьютер қосылған не қайта басталған сайын компьютерде жүктеу құрылғысының орналасуы сұралатындай етіп орнатуға болады.
Жүктеу құрылғысын f9 пернесін басып нұсқауларға сəйкес динамикалық түрде таңдау Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына əрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз жəне Select Boot Device (Жүктеу құрылғысын таңдау) мəзірі ашылады. 2. f9 пернесін басыңыз. 3.
MultiBoot Express таңдаулы параметрлерін енгізу Express Boot мəзірі басталу кезінде экранда көрсетіліп тұрғанда, мына əрекеттерді орындауға болады: ● Express Boot мəзірінде жүктеу құрылғысын анықтау үшін, берілген уақыт ауқымын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. ● Компьютердің ағымдағы MultiBoot параметріне өтпеуі үшін, берілген уақыт аяқталғанша кез келген пернені басыңыз. Компьютер жүктеу құрылғысы таңдалып, enter пернесі басылғанша басталмайды.
3. Өнім атын мəтін өрісіне енгізіп, Search (Іздеу) түймешігін басыңыз. 4. Компьютер үлгісін жəне амалдық жүйе түрін таңдаңыз. 5. Диагностикалық бөлімде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау ортасы) пəрменін таңдаңыз. – немесе – Download (Жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайына өтіңіз. Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін пайдалану үшін http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html мекенжайына өтіңіз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде) Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсацияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Ең жоғары биіктік (герметизацияланбаған) Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық карталарды шығарып алыңыз.
құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
ə Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты HP Support Assistant қызметінен табыңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.
Компьютердің экраны бос Егер экран бос, бірақ компьютер əлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе бірнеше себеп болуы мүмкін: ● Компьютер ұйқылық күйде болуы мүмкін. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. Ұйқылық күй дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 70 шығарып алу 71 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 37 айнымалы ток адаптері, тексеру 47 айнымалы ток адаптерін тексеру 47 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 95 Өнім кілті 95 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 10 аудио функциялар, тексеру 34 аудио функцияларды тексеру 34 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 10 Ə əкімші құпия сөзі 65 əуежай қауіпсіздік құрылғылары 54 Б бағдарламалық құрал антивирус 71 Дискіні дефрагментация
желіаралық қалған бағдарламасы 71 желі ұясы, анықтау 10 жұмыс ортасы 97 жылдам пернелер, медиа 33 И Интернет байланысын орнатқыш 19 К кабельдер USB 51 компьютер, сапарға шығу 45, 98 компьютерге күтім көрсету 76 компьютерді өшіру 38 компьютерді сапарға алып шығу 45, 95, 98 компьютерді тазалау 76 компьютердің параметрлерін қалпына келтіру 83 коннектор, қуат 10 корпоративтік WLAN қосылымы 20 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 30 Күту қосу 40 шығу 40 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 61 Дискіні тазалау
пернетақта, сыртқы num lock 32 пайдалану 32 пернетақтадағы пернелер тіркесімдері, анықтау 29 порттар DisplayPort 10, 36 Intel сымсыз дисплейі 37 USB 11 VGA 36 сыртқы монитор 11, 36 Р реттеу утилитасы зауыт параметрлерін қалпына келтіру 86 шарлау жəне таңдау 86 С Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру 80 сандық карта шығарып алу 49 саусақ ізін оқу құрылғысы 72 саусақ ізін оқу құрылғысы, анықтау 7 Сенсорлы тақта түймешіктер 4 сенсорлы тақта пайдалану 23 түймешіктер 4 Сенсорлы тақта аймағы анықтау 4 Сенс
жаңартуды жүктеп алу 88 нұсқаны анықтау 88 Bluetooth жапсырмасы 95 M Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 95 C caps lock шамы, анықтау 5 Computer Setup BIOS əкімші құпия сөзі 65 DriveLock құпия сөзі 67 зауыт параметрлерін қалпына келтіру 86 шарлау жəне таңдау 86 N num lk пернесі, анықтау 31 num lock, сыртқы пернетақта 32 num lock пернесінің шамы 5 D DisplayPort, анықтау 10 DisplayPort, жалғау 36 DriveLock құпия сөзі енгізу 68 орнату 68 өзгерту 69 сипаттама 67 шығарып алу 69 E eSATA порты 1