User's Guide
Сканер мен раманы толық тазалау
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Толық тазалау тәртібін бастаудан бұрын қуат көзінен ажыратыңыз.
Толық тазалау тәртібін аяқтағаннан кейін, қуатты қайта қоспас бұрын, жүйені толық кептіріңіз.
Қоршаған орта жағдайларына байланысты 30 минут күтіңіз немесе жүйені түні бойы қуат желісінен
ажыратулы күйде қалдырыңыз.
Электр контактілерінде қатып қалған кір, май не сұйықтық қалдықтары болса, толық тазалау қажет
болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған процедура жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін жеткілікті деңгейде
тазаламаса, изопропил спиртін (ең кемі 70%) пайдалану ұсынылған.
Ұшында мақтасы бар аппликаторды изопропил спиртіне дымқылдап, электр қосылымының ұшын
сүрту ұсынылған. Электр контактілерінің ұшында мақта қалдықтары қалмауы керек.
10 3-тарау Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету