User's Guide

Базалық станцияны жалғау
Базалық станцияны терминал, компьютер немесе басқа хост құрылғысына жалғауға болады.
Жалғастырмай тұрып, хосттың қуатын өшіріңіз және сол жабдықтың нұсқаулығын қарап шығыңыз
(қажет болса). Базалық станцияны қуаттандыру алдында интерфейс кабелін жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сканерді, сондай-ақ, терминал арқылы қуаттандыруға болады. Терминал арқылы
қуаттандырылған кезде батарея зарядтағышы автоматты түрде баяу зарядтеу режиміне орнатылады.
Базалық станцияны жалғау: Интерфейс (I/F) кабелін (1) базалық станцияның астыңғы жағындағы
портқа (2) толығымен енгізіңіз.
Хостты жалғау: Интерфейс (I/F) кабелін (1) хосттағы USB портына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сканерді хостқа жалғанған кезде PIN кодын сұрайтындай етіп реттеуге болады.
Теңшелетін қауіпсіздік PIN коды бар жүйеге жаңа жабдық қосатын болсаңыз, жалғастырмас бұрын
ақпарат алу үшін HP сымсыз штрихкод сканерін бағдарламалау анықтамалық нұсқаулығы (PRG)
бөлімін қараңыз.
Кабельді ажырату: Кабельді ажырату үшін базадағы саңылауға (1) қағаз қысқышы немесе ұқсас
затты енгізіңіз.
Базалық станцияны жалғау 15