User's Guide

Батареяларды зарядтау
Батареяны зарядтау үшін сканерді жай ғана базаға енгізіңіз. Сканер рамасында толық орныққан кезде
«шырылдаған» дыбыс шығады, бұл раманың сканерді анықтағандығын білдіреді.
Базадағы жарық диодтары батареяның күйін көрсетеді.
Батареяның дұрыс зарядталуын қамтамасыз ету үшін, сканер қуаттандырылған рамаға қойылған
кезде рамадағы қызыл түсті жарық диодының жанып тұратындығын тексеріңіз. Базадағы жасыл
жарық диоды батареяның толық зарядталғанын көрсетеді. Егер раманың жарық диодтары басқа
жағдайларды көрсетсе, сканердің рамаға дұрыс орналастырылғанын тексеріңіз.
Батареяның ұзақ қызмет ету мерзімін және сканердің тамаша эргономикасын есепке ала отырып,
сканерді әрбір штрихкод оқу транзакциясынан кейін рамаға қою қажет болмайды. Пайдалану
қарқындылығына байланысты, сканерді рамасына жұмыс ауысымы аяқталғанда ғана қою қажет
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны пайдалану алдында төмендегі «Батарея қауіпсіздігі» бөлімін оқыңыз. HP
компаниясы максималды өнімділікті қамтамасыз ету үшін қайта зарядталатын батарея бумаларын
жыл сайын ауыстыруға ұсыныс береді.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тек оқытылған техник маман ауыстыруы тиіс.
Батарея қауіпсіздігі
Батареяны орнату, зарядтау және/немесе басқа кез келген әрекетті орындау үшін осы нұсқаулықта
берілген нұсқауларды орындаңыз.
Батареяларды зарядтау 17