User's Guide
Сканерді пайдалану
Сканер әдетте кодтарды түсіріп, қайта кодтау арқылы жұмыс істейді. Ол ішкі қозғалысты сезу
функциясымен жабдықталған, бұл функция құрылғы қозғалған кезде бағыттау жүйесін іске қосады.
Интеллектуалды бағыттау жүйесі штрихкодтың үстіне қойылуы қажет көрініс өрісін көрсетеді:
Қызыл сәуле жапсырманы жарықтандырады. Бағыттау жүйесі көрсететін көрініс өрісі сканер
штрихкодқа жақын болғанда кішірек, ал алыстау болғанда үлкенірек болып көрсетіледі. Жолақтары
немесе элементтері кішірек таңбалар (мм өлшемі) құрылғыға жақынырақ оқылуы қажет. Жолақтары
немесе элементтері үлкенірек таңбалар (мм өлшемі) құрылғыдан алыстау оқылуы қажет.
Егер бағыттау жүйесі ортаға келтіріліп, бүкіл штрихкод бағыттау өрісінің ішінде болса, штрихкод
жақсы оқылады. Сәтті оқу дыбыстық сигналмен және жақсы оқудың жасыл нүктесінің жарық диоды
арқылы хабарланады.
Бұл мүмкіндік туралы қосымша ақпарат алу үшін HP сымсыз штрихкод сканерін бағдарламалау
анықтамалық нұсқаулығы (PRG) бөлімін қараңыз.
Сканерді байланыстыру
РЖ құрылғыларын базамен байланыстыру
РЖ құрылғылары үшін, интерфейсті реттеу алдында сканерді базамен байланыстыру қажет болады.
Сканер мен базаны байланыстыру үшін қосқышты басып оны оятыңыз немесе ояту үшін базаға салып
қойыңыз. Сканер бұрын басқа базамен байланыстырылған болса, жаңа базамен қайта байланыстыру
алдында Байланысты үзу штрихкодын сканерлеу қажет.
Байланысты үзу
Сканерді пайдалану 21