User's Guide

Сканерді Bluetooth адаптерімен байланыстыру
1. Bluetooth адаптерімен бірге берілген кез келген драйверлерді орнатыңыз.
2. Сканердің хост компьютерінде көрінуі үшін төмендегі «Сервермен РЖ байланысын орнату»
жапсырмасын сканерлеңіз.
3. «Жаңа құрылғыларды табу» үшін хост компьютерінің Bluetooth реттегішін пайдаланыңыз және
«HP сымсыз Bluetooth сканерін» таңдаңыз. Егер қате туралы хабары көрсетілсе, құрылғыда
қауіпсіздікті өшіру қажет болуы мүмкін.
4. Компьютердің Bluetooth реттегіші тағайындаған порттан келетін деректерді көру үшін RS-232
терминалы бағдарламасын пайдаланыңыз.
Сервермен РЖ байланысын орнату
ЕСКЕРТПЕ: Сканерді жалғанған кезде PIN кодын сұрайтындай етіп реттеуге болады. PIN орнату керек
болса немесе теңшелетін қауіпсіздік PIN кодын пайдаланатын жаңа жабдықты жүйеге қосатын
болсаңыз, HP сымсыз штрихкод сканерін бағдарламалау анықтамалық нұсқаулығы (PRG) бөлімін
қараңыз.
Қуат ажыратулы
Сканердің қуатын қосқыш келесі басылғанға дейін өшіру үшін төмендегі штрихкодты сканерлеңіз.
Қуатын өшіру
Интерфейс түрін таңдау
Сканер мен оның хосты арасында физикалық байланысты орнатқан соң, ақпарат алу және сканер
жалғанған интерфейс түрін бағдарламалау үшін тікелей төмендегі интерфейс таңдауына өтіңіз
(мысалы: RS-232, USB, т.б.) және жүйенің дұрыс интерфейс түрін таңдау үшін тиісті штрихкодты
сканерлеңіз.
USB-COM
RS-232 стандартты интерфейсін үлгілеуге арналған USB Com
USB-COM-STD таңдау
ЕСКЕРТПЕ: Өніммен бірге берілген оптикалық дискіден дұрыс USB Com драйверін орнатыңыз.
22 4-тарау Сканерді орнату және қолдану