User's Guide
5 Сканерді бағдарламалау
Сканер зауытта стандартты әдепкі мүмкіндіктер жинағымен теңшеледі. «Интерфейстер» бөлімінен
интерфейс штрихкодын сканерлеген соң басқа опцияларды таңдап, сканерді HP сымсыз штрихкод
сканерін бағдарламалау анықтамалық нұсқаулығы (PRG) бөлімінде қолжетімді штрихкодтарды
пайдаланып теңшеңіз. Интерфейсіңіздің сәйкес мүмкіндіктері бөлімін және сондай-ақ, PRG
нұсқаулығындағы «Деректерді өңдеу» және «Таңбалар» бөлімдерін қарап шығыңыз.
Бағдарламалау штрихкодтарын пайдалану
Бұл нұсқаулық сканерді қайта конфигурациялауға мүмкіндік беретін штрихкодтарды қамтиды. Осы
тараудағы «Стандартты өнімнің әдепкі параметрлері» сияқты кейбір бағдарламалау
штрихкодтарының жапсырмалары өзгеріс енгізу үшін тек бір жапсырманы сканерлеуді талап етеді.
Басқа штрихкодтарды сканерлеу үшін сканер «Бағдарламалау режиміне» орнатылуы қажет.
Бағдарламалау режиміне кіру үшін ENTER/EXIT штрихкодын бір рет сканерлеңіз; қалаған
параметрлерді сканерлеңіз; өзгертістерді қабылдау үшін ENTER/EXIT штрихкодын қайта сканерлеңіз,
сонда Бағдарламалау режимі жабылып, сканер қалыпты жұмысына қайтып оралады.
Басқа параметрлерді теңшеу
Бағдарламалау мүмкіндіктерін теңшеу үшін қосымша бағдарламалау штрихкодтары PRG
нұсқаулығында қолжетімді. Егер сіздің орнатуыңыз стандартты әдепкі параметрлерден басқа
бағдарламалауды талап етсе, PRG нұсқаулығын қараңыз.
Өнімінің стандартты әдепкі параметрлерін бастапқы
қалпына келтіру
Стандартты зауыттық параметрлер тізімін PRG нұсқаулығынан қараңыз. Егер сканердегі
бағдарламалау опциялары туралы күмәніңіз болса немесе бір опцияларды өзгертіп, зауыттық
параметрлерді қалпына келтіру қажет болса, ағымдағы белсенді интерфейске арналған зауыттық
теңшелімді көшіру үшін «Өнімнің стандартты әдепкі параметрлері» штрихкодын сканерлеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Зауыттық әдепкі параметрлер интерфейс түріне негізделеді. Бұл жапсырманы
сканерлеуден бұрын сканерді дұрыс интерфейске теңшеңіз.
Өнімінің стандартты әдепкі параметрлері
24 5-тарау Сканерді бағдарламалау