User's Guide
1 Қысқаша нұсқаулық
Ортақ тапсырмалардың жылдам орнату процедураларын орындау үшін осы бөлімдегі
штрихкодтарды пайдаланыңыз. Сканерді HP әдепкі параметрлеріне қайта орнату үшін, келесі
штрихкодты сканерлеңіз.
Барлық әдепкі параметрлерді орнату
ЕСКЕРТПЕ: «Барлық әдепкі параметрлерді орнату» штрихкодын сканерлеу интерфейс түрін
өзгертпейді.
HP сымсыз штрихкод сканерін сканердің әдепкі режиміне қою үшін, келесі штрихкодты (USB HID
пернетақта эмуляциясы) сканерлеңіз.
USB HID пернетақта эмульциясы
Сканер HID және USB COM режимдері аралығында ауыстырылғанда, Windows® операциялық жүйесіне
сканердің драйверлерін қайта жүктеу үшін уақыт беріңіз.
OPOS драйвері
HP сымсыз штрихкод сканері әдепкі бойынша пайдаланушымен тілдесу құрылғысының (HID)
пернетақта эмуляциясы режимінде жеткізіледі. Штрихкод сканерін Retail POS (OPOS) драйверлерінің
OLE арқылы пайдалану үшін, сканер USB COM (OPOS) режиміне қойылуы керек.
HP сымсыз штрихкод сканерін USB COM (OPOS) режимін немесе HID пернетақта эмульциясына
қойылатын штрихкодтар осы құжатта орналасқан. Штрихкодтардың толық тізімін алу үшін HP сымсыз
штрихкод сканерін бағдарламалау анықтамалық нұсқаулығы (PRG) бөлімін қараңыз. PRG сканермен
бірге берілетін оптикалық дискте немесе HP қолдау көрсету веб-сайтында қолжетімді.
HP сымсыз штрихкод сканерін OPOS драйверлерімен пайдаланылатын режимге қою үшін келесі
штрихкодты (USB COM OPOS) сканерлеңіз.
USB COM (OPOS)
OPOS драйвері 1