User Guide - Windows 8.1

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын қараңыз.
Видео құрылғыларын VGA кабелін пайдалану арқылы қосу
Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында
немесе проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына
жалғаңыз.
Мониторды немесе проекторды жалғау:
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте
көрсетілгендей жалғаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз:
Тек компьютер: Экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру
.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Тек сыртқы құрылғы: Экрандағы кескінді сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған
болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау
экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. Оформление и персонализация
(Безендіру және даралау) пәрменін таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения
экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
26
4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану