User Guide - Windows 8.1

HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Бастау экранында диск деп теріңіз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk
Cleanup құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Пуск (Бастау) экранына диск сөзін жазып, Удалить приложения, чтобы освободить место
на диске (Дискте орын босату үшін бағдарламаларды жою) опциясын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Жад қосу арқылы компьютер жұмысының тиімділігін арттыруға болады. Компьютерді
физикалық жұмыс аймағымен салыстыруға болады. Қатты диск жұмыс құжаттары жиналатын
файлдарды жинау кеңсесі
, ал жад жұмыс істейтін үстеліңіз деуге болады. Тым көп зат
қойылған үстел сияқты жадта барлық жұмысыңызды оңай орындау үшін қажетті орын
жеткіліксіз болса, өнімділігіңіз төмендейді. Өнімділікті арттырудың тамаша шешімі — бұл
компьютердегі жадтың көлемін ұлғайту.
Үлгіге байланысты, компьютерде бір немесе екі жад модулі ұясы болуы мүмкін. Жад модулі
ұялары компьютер түбінде қызмет көрсету қақпағының астында орналасқан. Компьютердің жад
сыйымдылығын жад модулін қосу немесе жад модулі ұяларының біреуінде бар жад модулін
ауыстыру арқылы жаңартуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін қосу немесе ауыстыру алдында, BIOS нұсқасының компьютерге
жақын арада орнатылғанын тексеріңіз және қажет болса BIOS бағдарламасын жаңартыңыз.
BIOS нұсқасын жаңарту (63-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютердегі BIOS бағдарламасы
жаңартылмаған болса, амалдық жүйенің түрлі мәселелері орын алуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы бойыңызда
тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге бір жад модулін қосу немесе ауыстыру кезінде, оны жүйелік тақтаға
жақын жердегі ұяға енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Екінші жад модулімен қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
Компьютер жұмысын жақсарту
51