User Guide - Windows 8.1

Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
ЕСКЕРТУ: Мәліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып
, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
4. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
5. Батареяны компьютерден шығарып алыңыз (Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батарея
(43-бет) бөлімін қараңыз).
6. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті шешу мақсатымен мына әрекеттерді орындаңыз:
а. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің бұрандасын (1)
бұрап босатыңыз.
ә. Қызмет көрсетуге арналған есікті көтеріп шешіңіз 2.
7. Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз:
а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1).
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
52
7-тарау Компьютерге техникалық қызмет көрсету