User Guide - Windows 8.1

11. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты және сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
12. Компьютерді қосыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Жаңартулар мәселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы
мүмкін. Технологиялар әрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді
жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді
. Мысалы,
ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін
пайдалана алмайсыз.
HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/
support торабына өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты
түрде алу үшін тіркеліңіз
.
Бағдарлама мен драйверлерді жаңартуды қаласаңыз, мына нұсқауларды орындаңыз:
1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын
таңдаңыз.
2. Updates and tune-ups (Жаңартулар мен реттеулер) пәрменінен кейін Check for HP updates
now (НР жаңартулары бар екенін тексеру) пәрменін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерді тазалау
Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
Диметил бензиль аммоний хлориді ең көбі 0,3 пайыз концентрация (мысалы: бір рет
қолданылатын майлықтардың брендтері әртүрлі болады).
Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық
Жұмсақ сабын қосылған су
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ
антистатикалық шүберек)
Антистатикалық шүберек майлықтар
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді
пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз,
спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің
өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде,
кір және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рәсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
55