User Guide - Ubuntu
Оптикалық диск жетегінің жұмысын жақсарту үшін, келесі кеңестерді пайдаланыңыз.
●
Батарея жалғыз қуат көзі болса, тасушыға жазбас бұрын зарядтың жеткілікті екенін 
тексеріңіз.
●
Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз 
немесе компьютерді жылжытпаңыз
. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
●
Диск бағдарламалық құралының соңғы жаңартулары орнатылған болуы керек.
●
Пайдаланылатын диск таза болмаса, оны құрғақ, талшықсыз, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Компьютерде келесі диск технологияларының біреуіне немесе бірнешеуіне қолдау көрсететін 
оптикалық диск жетегі бар болуы мүмкін:
●
Ықшам диск: ықшам дискіде оптикалық диск жетегінің лазерімен оқылатын деректер 
сақталады
. Келесі CD дискісінің пішімдерін пайдалануға болады:
◦
компьютерге ықшам дискінен ақпаратты оқуға және ішіне бір рет жазуға мүмкіндік 
беретін жазуға болатын ықшам диск (CD-R). Ақпаратты CD-R дискіне жазғаннан кейін 
өзгерту мүмкін болмайды. Ол бір жолға жазылады.
◦
ықшам дискідегі ақпаратты оқуға және ішіне қалағаныңызша көп рет жазуға мүмкіндік 
беретін қайта жазылатын ықшам диск (CD-RW). Бұл ықшам дискідегі ақпаратты 
өшіруге болады.
●
DVD: сыйымдылығы жоғары оптикалық диск болып табылатын сандық бейне дискісі. Оған 
ықшам дискімен салыстырғанда көбірек ақпарат сақтауға болады
. Екі жақты DVD дискісіне 
ең көбі 17 ГБ ақпарат сақтауға болады. Келесі DVD дискісінің пішімдерін пайдалануға 
болады:
◦
Компьютерге ақпаратты оқуға және ішіне бір рет жазуға мүмкіндік беретін жазылатын 
DVD дискісі (DVD-R немесе DVD+R). Ақпаратты дискіге жазғаннан кейін өзгерту 
немесе жою мүмкін болмайды. Ол бір жолға жазылады. DVD дискілерін DVD±R 
жетектеріне салып пайдалануға болады.
◦
Компьютерге дискідегі ақпаратты оқуға және ішіне қалағаныңызша көп рет жазуға 
мүмкіндік беретін қайта жазылатын DVD дискісі (DVD-RW немесе DVD+RW). Бұл 
ықшам дискідегі ақпаратты өшіруге болады. DVD дискілерін DVD±R жетектеріне 
салып пайдалануға болады.
Оптикалық диск жетектерін пайдалану
33










