User's Guide
ЕСКЕРТУ: Әрқашан принтердің алдыңғы сол жағында орналасқан Өшіру кестесі немесе ( Қуат
түймесін) пайдалану арқылы принтерді дұрыс өшіріңіз.
Принтерді дұрыс өшірмесеңіз, басып шығаратын каретканың дұрыс орнына қайтарылмауы,
картридждердегі және басып шығару сапасындағы ақауларға әкелуі мүмкін.
Кртридждер жоқ кезде принтерді қосуға болмайды. HP компаниясы басып шығару мәселелері мен
қалған картриджден сияны артық пайдалану немесе сияға зақым келу ықтималдығының алдын алу
мүмкін болған кезде қалған барлық кардридждерді жылдам ауыстыруды ұсынады.
Тыныш режим
Тыныш режимі жалпы шуды азайту мақсатында басып шығаруды жылдамдығын азайтады, бірақ
оның сапасына әсер етпейді. Ол тек қана тегіс қағазда басып шығарғанда ғана жұмыс істейді. Сонымен
қатар, егер сіз басып шығарудың ең жақсы немесе таныстыру түрін қолдана отыра басып шығарсаңыз
Тыныш режимі өшеді. Басып шығару шуын азайту үшін, Тыныш режимін қосыңыз. Қалыпты
жылдамдықпен басып шығару үшін, Тыныш режимін өшіріңіз. Тыныш режимі әдепкі бойынша өшірулі
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сіз суреттер немесе хатқалталарды басып шығарсаңыз Тыныш режимі жұмыс
істемейді.
Принтердің Тыныш режимде жұмыс істеу уақытын белгілеу арқылы кесте жасауға болады. Мысалы,
принтерді күнделікті 22.00-08.00 уақыты аралығында Тыныш режимде істейтіндей кесте жасауға
болады.
Принтер басқару тақтасынан Тыныш режимді қосу
1. Принтердің бсқару тақтсындағы Басты экранынан Реттеу таңдап, содан кейін OK түймесін
басыңыз.
2. Экраннан Принтер параметрлері түймесін таңдап, содан кейін OK түймесін басыңыз.
3. Экраннан Тыныш режим түймесін таңдап, содан кейін OK түймесін басыңыз.
4. Экраннан Қосу түймесін таңдап, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Принтер басқару тақтасынан Тыныш режим үшін жоспар жасау
1. Принтердің бсқару тақтсындағы Басты экранынан Реттеу таңдап, содан кейін OK түймесін
басыңыз.
2. Экраннан Принтер параметрлері түймесін таңдап, содан кейін OK түймесін басыңыз.
3. Экраннан Тыныш режим түймесін таңдап, содан кейін OK түймесін басыңыз.
4. Экраннан Кесте түймесін таңдап, содан кейін OK түймесін басыңыз.
5. Кесте уақытының басын орнатыңыз.
Сағатты ауыстыру үшін, сағатты таңдап (өздігінен таңдалған), содан кейін сілтемелері бар
түймелерді көбейту немесе азайту үшін басыңыз.
Минутты ауыстыру үшін, түймесін минутты таңдау үшін басыңыз, содан кейін сілтемелері бар
түймелерді көбейту немесе азайту үшін басыңыз.
Уақыттың басын орнатуды аяқтағаннан кейін OK түймесін басыңыз.
6. Кесте уақытының аяғынын орнатыңыз. Уақытты ауыстыру нұсқаулары үшін алдыңғы қадамды
қараңыз.
Уақыттың аяғын орнатуды аяқтағаннан кейін OK түймесін басыңыз.
4 2-тарау Жұмысты бастау KKWW